Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Су бағасы қымбаттай ма?

«Өскемен Водоканал» МКК сумен қамту және су бұру қызметтеріне шекті тарифтерді жоғарылату қажеттілігі туралы жобасын ұсынды

Кәсіпорын 2015 жылғы 1 маусымнан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңге бекітілген ұзақ мерзімді тарифтер бойынша сумен қамту және су бұру қызметтерін көрсетеді

- 2016 жылғы 26 мамырда «Өскемен Водоканал» МКК Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және Өскемен қаласы әкімінің қатысуымен Еуропалық жаңғырту және даму банкімен үш инвестициялық жобаны іске асыру үшін 2247,1 млн теңге сомасында кредит алуға кредиттік шартқа қол қойған, - дейді «Өскемен Водоканал» МКК директоры Ержан Әубакіров.

Кредиттік шартқа қол қойылғанға дейін кәсіпорында кеңесшілер ЕЖДБ тапсырысы бойынша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайына техникалық-экономикалық зерттеу жүргізген. Соның нәтижесінде, бірінші кезектегі қажеттіліктен алынып, қаржыландыруға кірген жобалар анықталды.

- Кредит 3 жылға қайтару мерзімін ұзартумен және қарыз сомасын 10 жыл ішінде төлеумен берілген. Жобаларды іске асыру 3 жыл ішінде, яғни 2019 жылдың соңына дейін, - дейді Ержан Майданұлы. - Қайта жаңғырту барысында бас тоғандағы және қаланың Солжағалау бөлігіндегі екі ірі канализациялық сорғы станциясындағы технологиялық жабдықты толық ауыстыру жүргізіледі.

Осыған орай, бірреттік комиссияларды, кредит бойынша пайыз төлеу және 2019 жылдан бастап ЕЖДБ кредитін қайтару қажеттілігі 2017 жылғы ақпаннан бастап ұзақ мерзімді бесжылдық кезеңге сумен қамту және су бұру қызметтеріне арналған тарифті жыл сайын ұлғайтудың негізгі себебі болып отыр.

-2021 жылғы 1 қаңтардан бастап осы шарттың қолданылуы мерзімі ішінде әрбір күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей өзінің қаржылық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік туғызу үшін, қарыз алушы жеткілікті мөлшерлеме бойынша сумен қамту және су бұру қызметтеріне арналған тарифтердің ұлғайтылуын қамтамасыз етеді, - дейді Ержан Майданұлы. - Қарауға және бекітуге тапсырыс берілген тарифтердің есеп айырысу деңгейі биылғы жылы 4 пайызды (1 199,24 теңге) құрайды. 2018 жылы – 12 пайыз (1 340,10теңге), 2019 жылы – 23 пайыз (1 649,53), 2020 жылы 19 пайызды (1 966,43) және 2021 жылы 18,6 пайызды (2 332,35 теңгені) құрайтын болады.

Сол сияқты суару кезеңінде, жазғы 5 айда биыл 1 сотығына 2606 теңгеден 2810 теңгеге өсуі мүмкін. Яғни 204 теңгеге қымбаттауы мүмкін.

Айдос Мырзахметов

Следующая →