/ Әлеуметтік сала Елбасы назарында
/ Рекламные блоки

Әлеуметтік сала Елбасы назарында

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылы қабылданған еліміздің конституциясында «Қазақстан әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Осы басты тармақты Елбасы үнемі ерекше назарда ұстап келеді.
20 ноября 2019 года, 15:24 1049 Назерке Қайролданова
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Шартты сурет
Источник: © Алдаспан Фото: © aikyn.kz
2018 жылы қазан айындағы "Қазақстандықтардың әл-ауқтатының өсуі: табыс пен тұрмыс саласын арттыру" атты жолдауында әлеумет және тұрмыс салаларының нәтижелілігін әлі де жетілдіру үшін Парламент пен Үкіметке арнайы тапсырмалар беріп, оларды жүзеге асырудың тетіктеріне тоқталды.

Қазақстандықтардың әл-ауқатының сапалылығы, олардың табыстарының мезгіл-мезгіл өсіп отыруларына тікелей байланысты екендігіне үкіметтің назарын аударды.
Жолдауда белгіленген негізгі бағыттардың қай-қайсысы болса да халық көкейіндегі өзекті мәселелердің шешімін табудың оңтайлы жолдардын айқындап берді.

"Нұр Отан" партиясының VIII съезінде ұлттың жаңа игілігіне жетісу жолында, әлеуметтік салаға басты бағдар берілген, партияның он жылдық бағдарламасы бекітілді. Партия съезінде Елбасы өткенге сараптама жасап, алдағы кезеңде іске асырылуы тиіс міндеттерді нақтылап берді.

Қорыта айтқанда, мемлекет басшысының жасаған ұсыныстары мен берген тапсырмалары барша халықтың мүддесін көздейтін стратегиялық құжат. Еліміздің әрбір азаматы өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып, өнімді және табысты еңбек етіп, аталған жолдауда және партияның съезінде белгіленген міндеттерді жүзеге асаруға белсене атсалысуы қажет.

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 

құқық түсіндіру және халыққа заң қызметтерін көрсету

 бөлімінің инспекторы Құрмашев Нұртай Қабыкенұлы


Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live