Усть-Каменогорск
облачно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Нур-Султан (Астана)
    -13°
  • Актобе
    -6°
  • Форт-Шевченко
    +5°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -2°
  • Кокшетау
    -16°
  • Костанай
    -11°
  • Кызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өндірістік аймақ жанданып келеді

Семей өңіріне жұмыс сапарымен барған облыс басшысы Даниал Ахметов «Өндіріс» бизнесті дамыту индустриялды айлағында болып қайтты

Бұл айлақта 6 инвестициялық жобаға арналып жер учаскелері берілген. Іссапар барысында өңір басшысы бірқатар өндірістік базаларда болды. 

Бұл өндірістік зонада алғашқылардың бірі болып Ғаббас Ибраев өз кәсібін бастаған болатын. Кәсіпкер теміржол құрамына арналған арнайы тежегіш қалыптар шығарумен айналысады. Өкінішке орай, кәсіпорын алғашқы күнінен бастап сертфикат ала алмай келеді.

- Мен өндірісшімін. Сондықтан құрылыс материалдарын шығарумен айналысқым келмейді, - дейді Ғаббас Тоқайұлы. - Қазір теміржол компанияларынан түрлі ұсыныстар күтудеміз. Оларға тапшы болып отырған бөлшектер болса, біз дайындауға қауқарлымыз. Жылына 2,5 млн дана тежегіш қалыптарын дайындаймыз.

Бұл кішігірім өндіріс орнының жылдық қаражаты 2,5 млрд теңгеге саяды. Облыс әкімі кәсіпорынның сертификат алу бағытын әр ай сайын бақылауға алып, жыл соңына дейін беруді тапсырды. 

- Бұл тежегіш қалыптарды Еуразиялық кедендік одақ аясында сертификаттау керек, - дейді облыс басшысы Даниал Ахметов. - Бұл жұмыстар 15-ші желтоқсан кезінде аяқталады. Осылайша біз еуразиялық экономикалық кеңістіктен бәсекеге қабілетті өндірістік орынға ие боламыз. Мұнымен қоса біз «Агропортал» компаниясымен де жұмыстарымызды тындырамыз. Бұл компания 1,5 млрд теңгеге арнайы құралдар сатып алды. Енді 57 га жер бөлінеді. Қазір Индустрия және даму министрлігімен келісімшарт онату үрдісі жүруде. Осылайша жыл соңында барлық индустриялық аймақ толыққанды жүзеге асырылады.

Қазір «Өндіріс» индустриялды аймағында кішігірім екі-үш кәсіпорын жұмыс істейді. Олар шлак және құм блоктарын дайындайды. Сонымен қатар медициналық қалдықтардың көзін жоятын арнайы орын бар.
Следующая →