/ Қазақстандағы балалар ахуалы басты назарда
/ Рекламные блоки

Қазақстандағы балалар ахуалы басты назарда

Қазақстандағы және Шығыс Қазақстан облысындағы балалардың жағдайы мен аман-саулығы туралы статистикалық мәліметтер ұсынылды
31 августа 2017 года, 17:43 1103 Айдос Мырзахметов
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Қазақстандағы балалар ахуалы басты назарда
Источник: © Алдаспан Фото: © samaraintour.ru
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорымен бірге «Қазақстан балалары» атты бірінші статистикалық жинағын ұсынды.

Өз баяндамасында ҚР ҰЭМ Статистика комитеті өкілінің орынбасары Қайрат Орунханов балалар қоғамның аса ұрымтал мүшелері ретінде ерекше қолдауға мұқтаж екенін атап өтті. 

- Статистикалық мәліметтерді пайдаланушыларға балалар туралы деректердің толық жинағын ұсынып отырмыз, - дейді Қайрат Орунханов. - Балалар - мемлекетіміздің ең маңызды адам ресурсы болып табылады. Иә, балалар туралы деректер әр мемлекеттік органдарда жеткілікті. Соның барлығының басын қосып, бір топтама ретінде жинақ жасап шығардық. Мұнда білім, прокуратура, халықты әлеуметтік қолдау салаларының ең қажетті деректерін сұрыптап алдық. Бұл жинақта 2016 жылға дейінгі динамикалық ақпараттар ұсынылады. Жинақ 3 тілде шығып отыр. 

Кездесуге жиналғандар Шығыс өңіріндегі балалар туралы статистикалық мәліметтер талқыланды. 

Жылнама мәліметтеріне сәйкес, ШҚО-да балалар облыстағы жалпы халық санының 2 пайызын құрайды. Облыста туудың жалпы коэффициенті 16,37 пайыз. Бес жыл ішінде облыста кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қатысуымен жасалған қылмыстың саны 691-ден 321-ге дейін төмендеген. Бұған қарамастан, облыста қылмыстың саны республика бойынша Қостанай облысынан кейін 2-ші орында. МИКС мәліметтері бойынша облыстағы балалардың, шамамен, 9 пайызында артық салмақ бар. Ал 7 пайызынан астамының бойы өспей қалған. Талқылау барысында ұрпақ жаңғырту денсаулығы туралы ақпараттандыру қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінді. Өйткені облыста түсік жасату көрсеткіші - 31,7 пайыз. Қазақстан бойынша біздің өңір Ақмола облысынан соң екінші орында тұр. 

Жылнаманы дайындауға республикадағы балалардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді жүйелеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына мүшелікке халықаралық және ұлттық ЮНИСЕФ сарапшылары, мүдделі мемлекеттік органдардың және бейүкіметтік ұйымдардың өкілдері қатысты. 

 «Қазақстан балалары» жылнамасынан бөлек, кездесу барысында үшінші рет ұсынылып отырған көп көрсеткішті кластерлік зерттеудің нәтижелері де ұсынылды. 

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live