Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ауыл шаруашылық саласының он екі жобасы ғана мақұлданған

Биыл ауыл шаруашылық саласындағы жаңа жобаларды қаржыландыру үшін берілген шағын несиелер игерілмеген

Аграрлық секторды қаржылық жағынан қолдайтын мемлекеттік қорға 705 ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру туралы жоба келіп түскенімен, оның тек 15-і ғана мақұлданған.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы өз жұмысына немқұрайлы қарағандықтан, микрокредит беру ісі ойдағыдай атқарылмаған. Өйткені басқарма несие алушыларға құжат толтыру бойынша кеңестер беруі қажет болатын.

- ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің қаржылық қолдау қорына облысымыздан 705 жоба келіп түскен. Әрине, бұл жобалардың сұрап отырған қаржысы шағын несиеге бөлінген қаражаттан көбірек. Бірақ келіп түскен жобалардың тек 15-і ғана мақұлданған. Ал облыстық ауыл шаруашылық басқармасы болса, сегіз ай бойы бұл ақпаратты жасырып келді. Яғни, басқарма басшысы жұмысын лайықты атқара алмады деген сөз, - дейді Даниал Ахметов.

Сондықтан облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы өз қызметінен босаған. Ал жаңа басшыға 1 қазанға дейін 2,1 млрд теңге сомаға тең  ауыл шаруашылық жобаларына шағын несие беру тапсырылды. 
Следующая →