Тәртіп бұзғандар жұмысқа тартылады
Құқық бұзған азаматтарды қоғамдық жұмысқа тарту әлемдік тәжірибеде бар болғандықтан, облысымызда да қылмыс жасағандар жұмыстарына тартылатын болады
Биылғы жылы облыста 324 қылмыскер қоғамдық жұмысқа тартылуы тиіс болатын. Қазіргі уақытта 254 жазасын өтеуші қаланың көшелерін сыпырып, көгалдандыру жұмыстарына қатысқан. Ал 69 құқық бұзушы Өскемен қаласының тұрғындары. Қазіргі таңда Өскемен қаласында 43 жазасын өтеуші өзінің қоғамдық жұмысын аяқтаған.
Қоғамдық жұмыстарға тартылған құқық бұзушылар қатарына адамды ұрып-соғып, күш көрсеткен, есірткі өнімдерін қолданған, жол-көлік ережелерін бұзған, адам денсаулығына зиян келтірген адамдар жатады. Мұндай құқық бұзушылардың барлығы абаттандыру, көгалдандыру, демалыс орындарын тазалау, ауыл шаруашылық жұмыстарына жегіледі.
- Қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындаумен айыптау үкімдерінің ең көп санына Үржар (96,4%), Тарбағатай (90,4%), Көкпекті (86,6%), Аягөз (86,1%) аудандарының прокуратуралары қол жеткізді, - дейді ШҚО прокуроры Виталий Шабер. - Жазасын өтеушілерді тегін еңбек етеді. Жұмыс түрлерін жергілікті атқару органдары ұйымдастырып береді. Қоғамдық жұмыс 60 сағаттан 300 сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Облыс прокуратурасы 2016 жылы ешқандай мемлекеттік қызметкер мен ірі бизнес өкілдері қоғамдық жұмысқа тартылмағанын айтуда. Былтырғы жылы 652 адам қоғамдық жұмысқа тартылған. Оның 145-і Өскемен қаласында абаттандыру жұмысын жасаған. Жазықтылар «Өскемен Тәртіп», Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер жөніндегі басқармасы» қазыналық кәсіпорындарында жұмыс істеп, көше мен жолдарды тазалаған.
Қымбат Слямбеков
Следующая →