Telegram

/ Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Облыста кадр ауысымы әлі жалғасуда. Бұған дейін қалаға жаңа әкім, облыстық білім және денсаулық сақтау басқармаларының жаңа басшылары тағайындалған
15 июня 2017 года, 15:35 1141
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Источник: © Алдаспан Фото: © ШҚО Әділет департаментінен
Ендігі кезекте 2017 жылдың 6 маусымында ШҚО Әділет департаментінің жаңа басшысы болып Дауылбаев Ерлан Сламханұлы тағайындалды.  

 Ерлан Дауылбаев 1977 жылы 8 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1998 жылы «заңгер» мамандығы бойынша  Қазақ мемлекеттік заң университетін тамамдаған. 

Еңбек жолын 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында жетекші маман лауазымынан бастаған Ерлан Сламханұлы әділет саласында 19 жыл қызмет еткен. 

Бұған дейін, 2011 жылдың қыркүйек айынан 2017 жылдың маусым айы аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы қызметін атқарған. 

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live