/ Өскемен ЖЭО және Согра ЖЭО активтері кімге сатылды?
/ Рекламные блоки

Өскемен ЖЭО және Согра ЖЭО активтері кімге сатылды?

АЕS компаниясына тиесілі Өскемен ЖЭО және Согралық ЖЭО активтері сатылды
13 апреля 2017 года, 18:09 979
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Өскемен ЖЭО және Согра ЖЭО активтері  кімге сатылды?
Источник: © Алдаспан Фото: © aes-group.kz
Енді Өскемен қаласындағы жылу жүйелері компаниялары «Қазақстандық коммуналдық жүйелерi» ЖШС-не тиесілі. Бұл туралы AES Корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

7 сәуір күні AES Корпорациясы (NYSE: AES) және «Қазақстандық коммуналдық жүйелерi» ЖШС (ҚКЖ) АЕS компаниясына тиесілі Өскемен ЖЭО және Согра ЖЭО активтерін КҚЖ компаниясына сату туралы жариялады. Мәміле Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополиялар, бәсекелестік және тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша комитетпен мақұлданды.
 
Өскемен ЖЭО және Согра ЖЭО активтерін сатып алған «Қазақстандық коммуналдық жүйелерi» ЖШС  ел аумағындағы энергетикалық секторындағы сәтті компания. ҚКЖ тобы Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан аймақтарында өз жұмысын жүргізуде.

- Холдинг энергетика саласындағы мемлекет саясатына жауап беретін өзінің Даму стратегиясын дайындап, іске асырады. ҚКЖ дамуының негізгі факторлары: қолда бар активтерді жаңарту, жаңа электр желілер құрылысы, өндіруші және энерготасымалдаушы қуаттылықтарды кеңейту, сонымен қатар сату компанияларының тұтынушыға бағыттаушылығы, - делінген баспасөз хабарламасында. 

2016 жылы «Қазақстандағы №1 таңдау» Халықаралық фестиваль-сайыс барысында «Қазақстандық коммуналдық жүйелерi» ЖШС «2016 жылғы Қазақстандағы №1 энергетикалық компания» деп танылды. Бүгінгі күнде «Қазақстандық коммуналдық жүйелерi» ЖШС Қазақстанның ірі энергетикалық компанияларының бестігіне енеді. 
АЕS компаниясы болса, Қазақстан аумағында өз жұмыстарын жалғастыра беруді көздеп отыр. 

- AES аймақта екі гидростанцияны қолдану арқылы Қазақстанның энергетикалық секторында өз жұмысын жалғастырмақшы. Қазіргі уақытта біздер осы гидростанциялар концессияларын ұзарту бойынша Қазақстан Үкіметімен келіссөздер жүргізіп келеміз, - деді АЕS еуропалық стратегиялық бизнес бөлімшесінің президенті Марк Грин. - AES қазірдің өзінде «EХРО-2017» көрмесін қолдау міндеттемесін өзіне жүктеді.

Қазіргі уақытта «Қазақстандық коммуналдық жүйелерi» Өскемен ЖЭО және Согра ЖЭО жұмыстарымен танысу үстінде. 

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live