Аягөздің су мәселесі 10 жылда шешіледі
Аягөз ауданында ауыз суға байланысты 10 жоба қаралған. Оның 5-еуі жөндеу жұмыстарын көздесе, қалған 5 жоба жобалық-сметалық құжаттар дайындауға бағытталған
Бұл жобаларды 4-тоқсанға дейін аяқтау көзделген.
- Ауыз су мәселесі он жыл ішінде шешімін табады, - дейді аудан әкімі Бақытжан Байахметов. - Егер барлық елді мекендерді есепке алатын болсақ, он жылдық жұмыс қажет. Ал орталық елді мекендерде 3 жоба іске асырылатын болады. Бұл мүлдем су болмаған жерлерді қамтиды. Ал ауданның 50 пайызға жуық тұрғындары аудан орталығында тұратындықтан, 2 жоба бойынша жөндеу жұмыстары атқарылады.
Аягөз қаласынан шалғай жатқан өңірлерді сумен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 515 миллион теңге қаражат бөлінген. Биылғы жылы тиісті жұмыстар бастау алады.
- Ал аудандағы 5 ауылдың жобалық-сметалық құжатына 20 миллион теңге қаражат бөлдік, - дейді Бақытжан Какенқажыұлы. - Бұл елді мекендерге Қопа, Өркел, Ақшәулі, Бұлбұлақ және Ақшатау кіріп отыр. Ендігі кезекте республикалық бюджетпен жұмыс істеп, барлық жұмыстарды жоспарға қоямыз. Биылғы жылы жоспарлар жүзеге асырылып, тиісті уақытында аяқталатын болса, біршама мәселелер шешімін таппақ.
Осылайша, алдағы 7 жылға тиісті жоспарлар бар, кішігірім елді мекендермен қосқанда 10 жыл ішінде су мәселесі шешімін табуға тиісті.
Следующая →