Өзге елдермен бәсекеге қабілетті Қазақстан
Дүниежүзілік экономикалық форумның 2016-2017 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде ҚР 53 орынға жайғасты
Дүниежүзілік экономикалық форум елдердің рейтингісін екі индекстің негізінде ұсынады: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (Global Competitiveness Index, GCI) және Бизнестің бәсекеге қабілеттілік индексі (Business Competitiveness Index, BCI). Соның ішінде, бәсекеге қабілеттілік рейтингісі қолжетімді статистикалық мәліметтерге және компания басшыларынан сұрастыру негізінде кең көлемді зерттеулердің нәтижесінде қисынға келтіріліп жасалады. Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі 119 көрсеткіштен құралады. Оның 34-і статистикалық мәліметтер қорытындысы бойынша, қалғаны еліміздің орта және ірі кәсіпорындары жетекшілеріне сауалдама жүргізу нәтижесі бойынша есептеледі. 119 көрсеткіш ішінен бәсекеге қабілетті 12 фактор анықталады.
Дүниежүзілік экономикалық форум 2016 жылдың 28 қыркүйегінде жариялаған 2016-2017 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде мемлекетіміз жалпы индексі 4,4 болып, 53 орынға жайғасты. Осы бәсеке қабілеттілік рейтингісінің көшін Швейцария, Сингапур, АҚШ, Нидерланды, Германия елдері соңғы жылдары бермей келеді.
Дегенмен біздің көрсеткішіміз өткен жылғы орынмен салыстырғанда 11 сатыға төмен, яғни 2015-2016 жылдардың ретингісінде еліміздің жалпы индексі 4,48 ді құрап 42 орынға жайғасқан болатын. Төмен қарай кетудің басты себебі мұнай экспорттаудан түсетін кірістердің азаюымен, мемлекеттік қаржы жағдайының әлсіреуімен түсіндіріледі.
ҚР Әділет министрлігі Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін анықтайтын 119 индикатордың ішінде 4 индикатордың негізгі орындаушысы болып табылады:
1. «Меншік құқығы» индикаторы бойынша 58 орын (2015 жылы – 67);
2. «Әкімшілік реттеуді даулау кезінде заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша 57 орын (2015 жылы -52);
3. «Даулы істерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша 47 орын (2015 жылы - 48);
4. «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» индикаторы бойынша 69 орын (2015 жылы - 70).
Следующая →

Шығыс Қазақстан облысы
әділет департаменті басшысының
орынбасары Б.Тулебаев