/ Халық жаңа заңды қалай қабылдауда?
/ Рекламные блоки

Халық жаңа заңды қалай қабылдауда?

Жаңа жылдан бастап қабылданған екі заң халықтың талқысына көп түсіп, ел арасында әлі де қызу әңгіме тоқтар емес
13 января 2017 года, 16:06 996
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Халық жаңа заңды қалай қабылдауда?
Источник: © Алдаспан Фото: © Tengrinews.kz
 Бірі уақытша тіркеу болса, бірі полиция қызметкерлерінің ала таяғын алып тастау туралы заң.

Биылдан бастап қазақстандық жол-патрульдік полицейлер арнайы таяқшаны қолданбайтын болды. Яғни, тәртіп сақшылары қол қимылдары мен ысқырықтың көмегімен ғана қозғалысты реттеп, көліктерді тоқтататын болады.

Шетелдің озық тәжірибесін енгізуге барлық жерлерде фото және бейнетіркеудің енгізілуі ықпал етіп отырған көрінеді. Енді көліктер тек қолдың ишарасымен бір уақыттағы қатар соғылған ысқырықпен немесе көлікке орнатылған дабылмен тоқтайтын болады.

- 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өскемен қаласы ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полициясы батальонының жеке құрамы көлік құралдарын тоқтатуды патрульдік автокөлікте орнатылған дауыс ұлғайтқыш құралының, арнайы дауыс және жарық белгілерінің көмегі арқылы немесе көлік құралына бағыттап ысқырық белгісімен бір уақытта қол белгісі арқылы тоқтатуды жүзеге асырады. Қолмен берілген белгі жүргізушілерге түсінікті болуға тиіс және оны орындауда апаттық жағдай туындамауы керек, - дейді Өскемен қаласы ІІБ жол-патрульдік полиция батальонының рота командирінің міндетін атқарушы Дәурен Тоқтасын.

Жаңа заң халық арасында әлі де түсініспеушілік тудырып жатқанын аға лейтенант жасырмайды. Осыған орай, тәртіп сақшылары жүргізушілерге барынша түсіністік танытатындықтарын алға тартады.

- Таяқшамен тоқтатуға үйреніп қалған жүргізушілер түсінбей қалып жатады. Бірақ біздің қызметкерлер заң бұзған әр жүргізушіге барынша түсіндіреді. Одан өзге, өз қызметкерлерімізге де түсіндіру жұмыстары жүргізілді, жаңа заң қағидалары нақтыланды,- дейді Дәурен Тоқтасынұлы.

Биыл елімізде жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі толығымен енгізіліп, көшедегі қозғалысты қолмен реттеуден басқасы автоматтандырылады. Жол полицейлері енді қозғалысты үнемі қызметтік көлікпен жүріп бақылайды. Яғни, машиналарды жаяу жүріп тоқтатуға хақысы жоқ.

-Жолдағы тәртіп енді тек автопатрульмен қадағаланатын болады. Олар тәулік бойы жолда жүреді. Ал жаяу жүретін сақшылардың қозғалысқа мүлдем қатысы болмайды. Бұл әлемдік тәжірбие, - деген болатын ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Әлібек Кеңісбаев.

Айта кетейік, елдегі ішкі істер министрлігінің құқық қорғау органдарын модернизациялау барысында әлемдік жол жүру қауіпсіздігін сақтаудағы тәжірибиесі қолданысқа алынған. Еуропа елдерінде арнайы таяқша мүлдем қолданылмайды екен.

Негізінен ІІМ-нің ала таяқтан бас тарту жолы 2014 жылдан басталғанын айта кету керек. Сол кезде ішкі істер органдарының жүйесіндегі құрылымдық реформаларды жүзеге асыру жол картасы қабылданған болатын. Сонымен қатар, қызметте ала таяқты қолданбайтын шет мемлекеттердің озық тәжірибесі де жіті қаралды. Ол елдердің ішінде Израиль, АҚШ пен Франция бар. Сондықтан да 2014-2015 жылдары қабылданған шешім мен толық автопартульдеу жүйесіне көшу, сонымен қатар фото, бейне бақылауды дамытудың арқасында бүгінгі таңда әр үшінші жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері ашылып отыр. Осы үшін де көлікті тоқтату мақсатында жезл қолданбау туралы шешім қабылданды.

Азамат Нұрболатұлы

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live