Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Депутаттары «Азия Авто» зауытының ұжымымен кездесті

ҚР Парламентінің мәжіліс депутаттары Александр Суслов пен жерлесіміз Василий Олейник Шығыстанға іссапармен келд

ҚР Парламентінің мәжіліс депутаттары Александр Суслов пен жерлесіміз Василий Олейник Шығыстанға іссапары аясында «Азия-Авто» атоқұрастыру зауытын көріп, жұмысшылармен бірқатар сұрақтар мен ұсыныстарды талқылады.

Депутаттар Қазақстан бойынша «Азия-Авто» зауытының көлік құрастырудан алдыңғы қатарлы екеніне көз жеткізгендерін білдірді. Сонымен қатар, қазақстанның өзге қалаларымен салыстырып, ең жақсы жақтарын ашып айтты.

- Барлығы жұмыспен қамтылған, жұмыс орнының тазалығы мен кеңдігі де ерекше тәнті етеді, - деді Александр Суслов. - Қазақстан Республикасының экономикасы сіздердің арқаларыңызда гүлденуде. Жұмыстарыңыз тек ел төңірегінде емес, шетел асып та қарқындайды деп сенемін. Тек алға жылжуымыз керек, көштен қалуға құқығымыз да жоқ.

Депутаттар ғаламторда ЭКСПО-2017 көрмесін халықтың сынға алатынын тілге тиек етті. ЭКСПО-2017 арқасында, жаңа жұмыс орындарының, қаражат көздерінің себепкері болып отырған ескертті.

- Кезінде Астана қаласына жұмсалған қаражатты, қазір Астана қаласы қайтадан бюджетке толтыруда, - деді Александр Васильевич.

Зауыт ұжымы өз кезегінде уақытша тіркелу, экология, екпе алу сұрақтарын алға тартты. Сонымен қатар, жуықта Шаған ауылында болған қайғылы оқиға да бірқатар тұрғындардың үрейленуіне себеп болып отырғаны байқалды.

- Егер белгілі бір адам сізге қонаққа келіп, бір айдан артық тұрар болса. Оларды жазбайсыз, қайталап айтып өту керек, жазылу емес, тіркелу керек. Егер заңды сақтамасаңыз сізге біріншіден ескерту жасайды, тек содан кейін барып белгілі шараларға жүгінеді, - деді Василий Олейник.

Депутаттар екпенің қажет екенін, тіпті КСРО кезеңінде де мұның маңызы болғанын ескертіп айтты. Ал экологиялық мәселелер төңірегінде, зиянды қалдықтарды моөлшерінен тыс шағаруға жол бермейтіндерін ескертті.

Айдос Мырзахметов
Следующая →