Telegram

/ Шенеуніктер аттестациядан өтеді

Шенеуніктер аттестациядан өтеді

Облысымыздың әр өңіріндегі мемлекеттік қызметкерлері жаппай бір уақытта аттестациядан өтетін болады.
05 января 2017 года, 16:07 930
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Шенеуніктер аттестациядан өтеді
Источник: © Алдаспан Фото: © alau.kz

Мемлекеттік қызметкерлер тестілеу арқылы өз кәсіби құзыреттіліктерін дәлелдеп, арнайы комиссиямен әңгіме жүргізеді.

- «Б» тобының мемлекеттік қызметкерлерін тексеруден өткізу жоспарланған. Оларға министрлік өкілдері, әкімшілік, басқарма, департамент қызметкерлері жатады. Жалпы аттестация жарты жылға созылмақ. Ол қаңтар мен маусым аралығындағы уақыт, - дейді ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз хатшысы Алмагүл Асылғазина.

Айта кетейік, зейнеталды жастағы қызметкерлер (56 жастан жоғары әйел адамдар мен 61-ден асқан ерлер); 14 жасқа дейінгі немесе мүгедек бала асырап отырған жалғызбасты аналар; жүкті және үш жасқа дейінгі баласы бар әйел адамдар; балалы болуға байланысты демалыстағылар мен жұмысқа қабылданғанына бір жыл толмаған қызметкерлер бұл тексерістен босатылады. Бұл аталған қызметкерлердің ешқайсысы Еңбек кодексіне сай аттестациядан өтпегені үшін қызметтен босатыла алмайды.

Бұл аттестация нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлердің дәрежесі жоғарлап немесе керісінше төмендеп, тіпті қызметтен босатылуы мүмкін. Ескере кеткен жөн, аттестацияны қайтадан өтуге рұқсат жоқ.


Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live