Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Электронды денсаулық төлқұжатына ауысуға дайынбыз ба?

Мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыс істейтін медициналық мекемелер жыл соңына дейін жазбаларды сақтаудың қағаз нұсқасынан бас тартпақ

Яғни, енді әрбір қазақстандық азаматтың электронды денсаулық төлқұжаты болады. Осыған байланысты емделушілер амбулаторлық карталар, шығару және дәрігерге жолдау қағаздар қажеттілігінен босатылады. Емделушілер туралы деректер медициналық ақпараттар жүйелерінде орналастырылады. Жүйедегі ақпаратқа кез келген адам өзінің ЖСН және цифрлық қолтаңбасы арқылы қол жеткізе алады. Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттырады және деректерді жоғалту тәуекелін азайтады.
- Бүгінгі таңда барлық медициналық пунктерге ғаламтор желісін тарту үшін "Қазақтелеком" АҚ-мен келіссөздер жүргізіліп, жұмыстар атқарылуда. ШҚО бойынша ауруханалардың 85%-ы ғаламтормен қамтамасыз етілген. Мақсатымыз - ауруханалар бойынша ғаламторға қолжетімділікті 100%-ға жеткізу. Шалғай ауылдардағы медициналық пунктерді мобильді ғаламтормен қамтамасыз етуге тырысамыз, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.
Марат Шорановтың айтуынша, мүмкіндігінше барлық медициналық пунктер ғаламтормен толық жабдықталады. Ал Денсаулық сақтау министрлігі электронды денсаулық төлқұжатының жүйесі биыл жұмысын бастайды деп жоспарлап отыр.
- Платформаның негізгі компоненттерінің бірі электрондық денсаулық төлқұжаты болып табылады. Пациенттерге арналған ЭДТ денсаулығы жөніндегі ақпаратқа, дербестендірілген ұсынымдар мен ескертулерге қолжетімділік береді. Медицина қызметкерлері науқастың денсаулығы туралы өмір бойы жинақталатын ақпаратты біле алады, бұл клиникалық шешімдерді қабылдауға, медициналық қателіктерді қысқартуға көмектеседі, - деп мәлімдеген болатын "Қазақстанда электрондық денсаулық сақтауды дамыту" тақырыбында өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директорының міндетін атқарушы Олжас Әбішев.
Олжас Әбішевтің хабарлауынша, созылмалы аурулары бар науқастардың емханаға бармай, өздерінің жай-күйі туралы ақпаратты дәрігерге хабарлауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленуде. 
Следующая →