Усть-Каменогорск
ясно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +16°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +12°
  • Костанай
    +14°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тегін дәрілерге қаражат жетіспейді

Тегін дәрі-дәрмекке бөлінген қаражат дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етуге жетпейді

2017 жылдың қаңтар айынан бастап тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету облыстық емес, республикалық деңгейде жүзеге асырылады. Жергілікті деңгейде тегін дәрілердің тізіміне кірмеген, сирек кездесетін аурулардың емдік дәрілері қамтамасыз етілетін болады.

- Биыл респубиликалық бюджеттен дәрі-дәрмектерді сатып алуға 7 млрд 637 млн теңге жоспарланған. Тегін дәрілерге 3 млрд 800 млн теңге бөлініп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп, бірақ бұл қаражаттың өзі тегін дәрілерге деген сұранысты толық жаба алмайды, - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова.

Сонымен қатар, Райфа Сафиоллинова егер 2016 жылы тегін дәрілерге қатысты тендерлік жұмыстар ақпан айында өткізілсе, 2017 жылы 3 сәуірде жүргілетінін айтты.

- Желтоқсан айының соңында ҚР Үкіметінің №17-29 қаулысына өзгерістер енгізіліп, талаптар өзертілді. Соған байланысты негізгі тендердің ойнатылуы кеш өткізілуде, - деп қосты Райфа Сафиоллақызы.

Егер Шығыс Қазақстан облысына тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 3 млрд 800 млн теңге бөлініп отырса, оның 1 млрд теңгесі бірінші тоқсанның соңына дейін игеріліп қойды.

- Негізгі тендер ұйымдастырылмай тұрып, біз тегін дәрілерге бөлінген қаражаттың 1 млрд теңгесін игеріп қойдық. 2016 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша диспансерлік науқастардың саны 12 мыңға артқан. Бұл өткен жылдың дәл осы тоқсанымен салыстырғанда 8,5%-ға өсті. Артериалды гипертонияға шалдыққандардың саны 10 мыңға (12%-ға) өсті, - деді Райфа Сафиоллинова.

Тегін дәрілердің жетіспеушілігін болдырмас үшін ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы министрлікке қаражаттың жетіспеушілігі жайлы хат дайындап отыр және мұндай арызды қоғамдық кеңес мүшелері жолдамақ. 

Следующая →