Усть-Каменогорск
облачно
+2°
  • Усть-Каменогорск
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Нур-Султан (Астана)
    -4°
  • Актобе
    +10°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -7°
  • Костанай
    +3°
  • Кызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Биыл тұмауға шалдыққандар саны артқан

Облысымызда жіті респираторлы вирусты инфекциямен науқастанғандар саны күн санап артып отыр

Осы себепті Шемонаиха ауданындағы екі мектепте карантин жарияланды. Алайда өңірдегі өзге мектептерге мұндай кезектен тыс демалысқа жабылу қаупі төніп тұрған жоқ.

Облыстық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, қаңтар айының үшінші аптасында дәрігерлер 5629 емделушіге «ЖРВИ» диагнозын қойған. Қазір бұл көрсеткіш тағы арта түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп екендігін көрсетеді. Өйткені 2016 жылдың үшінші онкүндігінде жіті респираторлы вирусты инфекциямен науқастанғандар саны 4415 адам болған екен.

Айта кетейік, науқастардың басым бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Әсіресе, Шемонаиха ауданында көп тіркелген. Сондықтан да мұндағы екі мектепті карантинге жабуға тура келген.

- Облыс бойынша тек екі мектепте карантин жарияланды, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының баспасөз хатшысы Медет Әлімғазин. – Бұндай шара егер мектептегі оқушылардың 30 пайыздан астамы ауырып қалған жағдайда қолданылады. Екі мектеп те қаңтар айының аяғына дейін жабылды.
Қазір карантин алынып, қос мектеп оқушылары да сабақтарын жалғастыруда. 

Назерке Кәрімова
Следующая →