Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Еңбекке жарамсыздық күні ұзартылды

Тұмау мен жедел респираторлы-вирустық инфекцияларының таралуына жол бермеу үшін облысымыздың бас дәрігерлері үйде емделуді қажет деп санайды

- Ана мен бала орталығында және №1 қалалық ауруханасының инфекциялық бөлімінде жедел респираторлық-вирустық инфекциясы мен тұмауы асқынғандарға қосымша 132 орын ашылды, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова. - Сол сияқты Семей қаласында да қосымша 60 орын ашылды.

Дәрігерлердің айтуынша ауру асқынбай тұрып, алдын ала ем шараларына үйде жүгінген дұрыс. Ауруханаларда кезекке тұрмай, бірден жедел жәрдем қызметкерлерін шақыру керек. Бұл шаралар тұмау ауруының кең тарамауы үшін жүргізілуде.

- Бұл әсіресе жасы бірге толмаған балалары бар және екіқабат әйелдер үшін өте маңызды. Олардың бірден жедел жәрдем тобын шақырғандары абзал, - дейді Райфа Сафиоллақызы. - Дәрігерлер бес күндік еңбекке жарамсыздық парағын енгізді, яғни науқастар бұрынғыдай үш күннен кейін қайтадан қаралуға келмейді. Үйде толықтай емделіп шығатын мүмкіндік беріледі.

Дәрігерлердің ақпаратынша биылғы жылы тұмау және жедел респеративті-вирустық инфекцияға шалдыққандардың жартысынан көбі балалар. Сондықтан ауру асқынып кетпес үшін ата-аналардың барынша сақ болғандары дұрыс.

Атап өту керек, 2016-2017 жылғы эпидкезеңде 143 мың адам тұмауға қарсы екпе алған. Яғни, ШҚО тұрғындарының 10 пайызы. Олардың ішінде 50 мың адам тегін, төлемді түрде 93 мыңан астам қабылдады.

Айдос Мырзахметов
Следующая →