Telegram

/ ШҚО-да күнбағыс майын шығаратын зауыт салынады

ШҚО-да күнбағыс майын шығаратын зауыт салынады

Бұл жайында аймақ басшысы Даниал Ахметов Зырян ауданына барған жұмыс сапарында айтты
13 октября 2017 года, 15:24 1007
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - ШҚО-да күнбағыс майын шығаратын зауыт салынады
Источник: © Алдаспан Фото: © автордікі
Әкімнің ойынша, келесі жылы Өскемен-Майқапшағай тас жолының құрылысы аяқталады әрі Қытай - күнбағыс майын көп тұтынатын елдердің бірі. Сондықтан аталған нарықты жаулау үшін, қазынаға түсетін қаржыны арттыру үшін Қытайға қажетті май өндірісін бастау керек.

- Аймақтағы күнбағыс өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары бас қосып, акционерлік қоғам құра отырып, май шығаратын зауыт тұрғызуы қажет. Бұл - қолдан келетін шаруа, - деді Даниал Ахметов. - Әрі май өндірісі еуропалық үлгі бойынша емес, Қытайда қабылданған өнім үлгісіне сай жасалуы тиіс.

Күнбағыс өсірумен Зырян, Шемонаиха, Бородулиха аудандары айналысады. Бұл аудандардан 20 кәсіпкерлер кооперативке бірігіп бір зауыт ашады да, ондай май өндірісін бастайды.

Зауыт, әкімнің сөзіне қарағанда, Өскемен қаласындағы өндірістік аймақтардың бірінде салынбақ.

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live