Telegram

/ Өскеменнің өрісі өркендеп келеді

Өскеменнің өрісі өркендеп келеді

Қала әкімі Қуат Тұмабаев ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауының жүзеге асырылуы барысынан мәлімет бере отырып, көкейкесті сұрақтарға жауап берді
15 июня 2017 года, 16:08 683
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Өскеменнің өрісі өркендеп келеді
Источник: © Алдаспан Фото: © Lift kz
- Ағымдағы жылдың 4 айлық кезеңінде өндірістік өнім көлемі 309 млрд. теңгені құрады. Металлургия саласындағы алтын өндірісі 6,5 пайызға, қорғасын 8 пайызға өскен. Азық-түлік өндірісінде ет өнімі 70 пайызға, күнбағыс майы 9 пайызға және сүт өндірісі 2,5 пайыздық өсім көрсетті, - дейді Қуат Тұмабаев. - Жалпы ауылшаруашылық азық-түлік көлемі 29,1 пайызға өскен. Жергілікті бюджетке түскен қаржы көлемі – 16,8 млрд.теңге. Ал жұмыссыздық деңгейі өткен жылғы көрсеткішке сәйкес 5,2 пайыз болып сақталды.

Ағымдағы жылдың 4 айлық қорытындысы бойынша құрылыс көлемі 6,9 млрд теңгені құраған. 46,3 мың шаршы метр қолданысқа берілген. 

 - Иневестиция тарту заманауи экономиканың айнымас бөлігіне айналған, - дейді қала әкімі Қуат Мұхитұлы. - ҚР Индустриализация картасы және өңірдегі кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында Мемлекеттік «Индустриялды-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша 2015-2019 жылдарға құны 125,1 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба іске асуда. Олардың ішінде құны 2,6 миллардты құрайтын жоба жүзеге асырылған. 

Қала әкімінің айтуынша, 2017 жылы құны 526 миллион теңгені құраған «ТАГ-ТИН» ЖШС жобасын іске қосу жоспарланған. Яғни, жаңа құрылғыларды енгізе отырып, май дәстүрлерін қайта өңдеу зауытының құрылысы. Оның қолданысқа берілу уақыты ағымдағы жылдың қыркүйегіне белгіленген. 

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live