/ Аягөз ауданының өнеркәсібі дамып келеді

Аягөз ауданының өнеркәсібі дамып келеді

Аягөз ауданының экономикалық-әлеуметтік ахуалы қалыпты. Бұл туралы Аягөз ауданы әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді
14 апреля 2017 года, 15:36 431
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Аягөз ауданының өнеркәсібі дамып келеді
Источник: © Алдаспан Фото: © ikaketosdelano.ru
Былтырғы жылы Аягөз ауданы бойынша өндірілген өнімнің көлемі 51 миллиард теңгені құрады. Жалпы, өнеркәсіп өнімінің үлесі 62 пайызды құраса, ауылшаруашылық өнімінің үлесі 28 пайызды көрсетіп отыр. 

Аягөз ауданы 2016 жылға дейін таза ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші өңір саналып келген. Биылдан бастап ауданның 62 пайызы өнеркәсіп өніміне тиесілі болып отыр. Бір жылдың ішінде үлкен бетбұрыс басталып кетті.

- Бұл ауылшаруашылық саласының төмендеуі емес, - дейді Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Байахметов. - Біріншіден бұл өзгерістерге «Ақтоғай» ЖШС жұмыстарының басталуы әсер етті. 2015 жылдың желтоқсан айында «Ақтоғай» зауыты іске қосылған болатын. Зауыт қазір жүз пайыздық қуаттылығына шығып үлгерді. Зауытпен былтыр 14 мың тонна мыс өндіріліп, 27 миллиард теңгенің жұмысын атқарды. Бұл өнеркәсіп саласындағы көрсеткіштердің 72 пайызын құрап отыр.

Сонымен қатар былтырғы жылы іске асқан Асфальт-бетон зауыты, құрылыс материалдар зауыты, «КЭМП-Восток» ЖШС алтын өндіру зауытының көрсеткіштері нәтижелі болып отыр. Биыл жалпы өнімді он миллиард теңгеге өсіру жоспарланған.

- «Ақтоғай» зауытындағы өнім көлемі 15 мың тоннаға жоспарланған болатын, - дейді аудан әкімі. - Бірінші тоқсанда шығарылған қорытынды бойынша қуаттылығын 20 мың тоннаға дейін өсіру көзделіп отыр. Биыл кәсіпорынның екінші бөлігі іске қосылып, жұмысын бастады. Қуаттылығы 90 мың тоннаға дейін сульфидтік мыс өндіруге жетуі керек.

Сонымен қатар, Аягөде жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін құрылыс материалдарын шығаратын комбинат жұмысы басталды. «Жол картасы» бағдарламасы аясында бұған 304 миллион теңге қаражат бөлінсе, биылғы жылы республикалық бюджеттен 89 миллион теңге бөлінеді деп жоспарланған. Бақытжан Байахметовтың айтуынша, биыл аудан тұрғындары комбинаттың бірінші өнімін көре алады. Егер кірпіш, бетон сынды материалдар Аягөздің өзінен шығарылатын болса, ауданның құрылыс саласына деген септігі мол болмақ. 

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live