Telegram

/ Ауылшаруашылығын дамыту қолға алынды

Ауылшаруашылығын дамыту қолға алынды

Брифинг барысында аудан әкімі Бақытжан Байахметов ағымдағы жылға жоспарланған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттармен бөлісті
14 апреля 2017 года, 14:38 664
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Ауылшаруашылығын дамыту қолға алынды
Источник: © Алдаспан Фото: © aikyn.kz
2015 жылмен салыстырғанда Аягөз ауданының ауылшаруашылық саласы 2 пайызға дейін өскен. Бұл салаға келген инвестиция көлемі былтыр 1 миллиард 300 миллион теңгені құрады. Былтыр ірі қара басы 6,7 пайызға, бірақ қой мен ешкі саны 2 пайызға төмендеп, жылқы 2,8 пайызға артқан.

- Өндірілген ет көлемі 3,9 пайызға, сүт 16,3 пайызға, жұмыртқа 1 пайызға артқан, - дейді Аягөз ауданы әкімі Бақытжан Байахметов. - Биыл ауылшаруашылық өнімін 115 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Мұны жүзеге асыру үшін 112 жобаға 1 миллиард 400 миллион теңге бөлінді. 231 миллион теңгені құрайтын 32 жоба 69 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. «Қазагро» бағдарламасы аясында 80 жобаға 661 миллион теңге бөлінсе, 900 миллион теңгеге субсидия аламыз ба деген жоспарлар бар.

Айта кету керек, тіркелген кәсіпорындар саны былтыр 11,6 пайызға өскен. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 112,8 пайыз, белсенділер саны 21,6 пайызға, жалпы шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 19,8 пайыздға артып, жалпы 5,8 миллиард теңгені құраған. 

- Былтырғы жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 11,4 пайызға артқан, - дейді Бақытжан Какенқажыұлы. - Шығыс Қазақстандағы негізгі капиталға салынатын инвестициялардың 40 пайызы Аягөз ауданына тиесілі.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 295,7 пайызға артып отыр. Былтырғы жылы тұрғын үйлерді іске қосу бағытында 14 мың 400 шаршы метр тұрғын үй айналымға қосылды.

- Мемлекеттік бағдарламалар бойынша, былтыр ауданда 2,6 миллиард теңгені құрайтын 118 жоба іске асырылды, - дейді аудан әкімі. -. Мұның көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 3 есеге артып отыр. Жалпы айтар болсақ, білім саласында 36 жоба, мәдениет саласында 8, денсаулық сақтау саласында 8 жоба, жол жөндеуге 16 жоба, аббаттандыру жұмысына 33 жоба, тұрғын үйге 1 жоба, әкімшілік ғимараттар бойынша 4 жоба, инженерлік инфрақұрылым бойынша жүзеге асырылған. 

Биыл ауданда әр саладан 178 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл 51 пайызға, қаржылық тұрғыдан 2,6 пайызға өскен. 

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live