Усть-Каменогорск
ясно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +4°
  • Актобе
    +4°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    +5°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +5°
  • Кызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өңіріміздегі несиелік қаржыландыру салалары анықталды

Шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасы аясында облыс әкімшілігі мен «Даму» қорының арасында ынтымақтастық туралы меморандум қабылданған

Осыған орай бизнесмендер өз кісібін дамыту мақсатында тиімді пайыздық мөлшерімен 7 жылға дейін несие ала алады. Бағдарлама жергілікті атқарушы органдар мен «Даму» қорының есебінен жүзеге асырылады. Бірлесіп қаржыландыру бойынша қор мен әкімшіліктің қатынасы 1:1-ге тең. Бағдарламаның таңы бір ерекшелігі әкімшілік облыстағы қаржыландыру саласын анықтап, қатысушы банктерді таңдауға құқылы.

ШҚО басшысы Даниал Ахметов мәлімдегендей, өңірде аймақтық қаржыландыру бағдарламасындағы басымдылық ауылшаруашылық өнім өндіру, сүт өндіру фермаларының құрылысы, орман шаруашылығы мен туризмге беріледі. Аппараттық кеңес барысында өңір басшысы осы бағыттар бойынша жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында жұмысшы тобын құруды тапсырды.

- Біз 4 негізгі бағытты анықтадық. Енді осыған сәйкес жобалармен жұмыс жасайтын боламыз, - деді Даниал Кенжетайұлы. – Қала және әр аудан әкімдері өз ұсыныстарын дайындауы керек. Сонымен қатар, басқа бағыттар бойынша да жобалар қаралады. 7 жылға 8,5%-дық несие бүгінгі күні өте тиімді. Облысымыздың бизнесін қанша қажет болша соншалықты қаржыландыруға дайынбыз.

Одан өзге, егер кепілзаты жетпейтін жағдайда кәсіпкер Қор кепілдігін алу үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасына немесе басқа да Қор бағдарламаларына қатысуға өтініш білдіре алады.

Осы орайда айта кетейік, бағдарлама аясында 2016 жылдың басынан бері республиканың барлық аймақтарына Қордан 10,9 млрд теңге тартылды.

Ерке Мұхаметкәрім
Следующая →