Telegram
/ Экономика в Казахстане

Аз байтылған уран банкінің құрылысы басталды

Үлбі металлургиялық зауыт аумағында аз байытылған уран банкінің құрылысының алғашқы кірпіші қаланды
01 сентября 2016 года, 08:01 372
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Аз байтылған уран банкінің құрылысы басталды
Источник: © Алдасан Фото: © ortcom.kz
2015 жылдың тамыз айында Қазақстан үкіметі мен Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) ел аумағында аз байытылған уранды сақтауға арналған банк ашу туралы келісімге қол қойды.

- 25 тамыз күні банк құрылысының алғашқы кірпіші қаланды. Бастапқыда біз зауыт аумағындағы ескі ғимаратта сақтаймыз деп жоспарладық. Алайда нысанның саяси маңыздылығын ескере отырып, толыққанды қорғау ұйымдастырайық деп шештік. Жаңа ғимаратта ең жоғары қорғаныс пен күзет орнатылады, - деді ҚР Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті басшысының орынбасары Тимур Жантикин.

2017 жылдың екінші жартысына дейін ғимараттың құрылысы аяқталып, оны техникалық құрылғылармен жабдықтау жоспарланып отыр.

- Банктің бірегейлігі жаман адамдардың да көзіне түсуі мүмкін. Сондықтан қосымша қауіпсіздік жағдайы қарастырылған. Барлық шаралар қазақстандық мамандармен жүргізіледі, - деп атап өтті Тимур Жантикин.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ядролық сұйықтықты сақтайтын банктің ашылуы өңіріміздің ғана емес, еліміздің келешегінде жаңа кезеңдерге жол ашады.

- Біз атом энергиясының не екенін түсінеміз. Өйткені Семейде болған ядролық жарылыстардың салдарын әлі күнге дейін көріп отырмыз. Бірақ бұл энергияны бейбіт жолда да қолдануға болады. Мысалы, Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық және Ядролық технологиялар паркі жанында кешенді зор жобалар әзірленуде. Семей қаласында радиация салдарынан болған онкологияны емдеу және оңалтудың радиоэкологиялық, ядролық медицинасын қалыптастыру жүргізілуде, - деп ата өтті аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы.

Ақерке Рағызбаева

Получайте уведомления от Устинка Live