Telegram
/ Экономика в Казахстане

Аз қамтылған отбасыларға қолдау

Өңірімізде аз қамтамасыз етілген отбасыға шартты ақшалай көмек беру жөніндегі «Өрлеу» жоба жүзеге асырылауда
25 августа 2016 года, 12:30 415
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Аз қамтылған отбасыларға қолдау
Источник: © Алдасан Фото: © ШҚО ішкі саясат бөлімінен
Бұл жобаны ҚР Үкіметі 2014 жылы 17 ақпандағы №97 Қаулысына сәйкес, «Өрлеу» жобасын бекітті. Жоба аясында берілетін шартты ақшалай көмек – жан басына шаққандағы отбасының табысы күнкөріс деңгейінен 60% төмен болатын отбасыларға беріледі. Аталмыш жоба Шығыс Қазақстан облысында тәжірибе ретінде іске қосылды. Ал, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырыла бастады.

«Өрлеу» жобасы — отбасының еңбекке қабілетті мүше­лерін жұмыспен қам­тудың белсенді түрлеріне және «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысқан жағдайда отбасын әлеуметтік келісім­шартына отыру арқылы шартты қаржылай көмек ұсыну бағдарламасы. Яғни, жеке кәсіп ашасыз ба немесе мал сатып аласыз ба, өзіңіз білесіз. Ал, егер жұмыстан шығып кетіп, әрі алған қаржыны басқа мақсатқа жұмсаған болсаңыз, онда алған ақшаны кері қайтарасыз. Бұл іске жаңадан шыққан «Өрлеу» жобасы мұрындық болып отыр. Сөзіміз түсінікті болу үшін «Өрлеу» жобасы деген не, соған тоқталсақ.

2014 жылы «Өрлеу» пилоттық жобасына Аягөз ауданының тұрғыны Толқын Мұхаметқалиева қатыса бастайды. Оның отбасында барлығы үш адам: жалғыз басты ана және мектепте оқитын екі баласы. Жобаға қатысарда жеке меншік үйі болмағандықтан, жалға тұру келісім-шарты бойынша үй жалдап тұрды. Мал-мүлкі, жеке меншік үй-жиһазы жоқ, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың бірі. Жобаға дейін еш жерде жұмыс істемеген. Жұмысқа жарамды отбасы мүшелерін жұмысқа тарту міндетті шарт болғандықтан, Толқын Жеңісқызы Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Шыңғыс» МПК-не тұрақты жұмысқа орналасты. Шартқа отырғаннан кейін, ай сайын «Өрлеу» жобасы бойынша 32746 теңге тағайындалып, бір жылда 392952 теңгені құрады.

«Өрлеу» жобасына қатысқаннан кейін отбасы жағдайы біршама жақсарды. Жобаға дейінгі жан басына шаққандағы орташа табысы - 506 теңге болса, жобадан кейін тұрақты жұмыспен қамтылып жан басына шаққандағы орташа табысы - 18605 теңгеге өсті. 12 ай ішіндегі көрсеткіш бойынша тұрақты жұмыспен қамтылды және жалға тұру келісім-шарты бойынша үй жалдап тұрғандықтан, алған шартты ақшалай көмек жәрдемақысын толықтай жинап, қазіргі таңда жеке меншік үй сатып алды.

Аталмыш пилоттық жоба іске қосылған жылы Курчатов қаласындағы Черепановтар отбасысы да «Өрлеу» әлеуметтік көмек бағдарламасының аясында өздерінің дүкендерін ашады.

Ақерке Ақылбекқызы

Получайте уведомления от Устинка Live