/ Экономика в Казахстане

«Тазалық - иманның жартысы» сенбілігі

Қаламыздағы Шығыс Қазақстан облыстық Халифа Алтай мешітінде, Комсомол аралында, және №45-ші бейімделген орта мектепте сенбілік болып өтті
23 апреля 2016 года, 06:18 1753
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - «Тазалық - иманның жартысы» сенбілігі
Источник: © Алдасан Фото: © Алдасан
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл ел» бағдарламасы аясында болған облыстық акцияға лек-легімен келген қалың жұрт қаламыздың тазаруына өз үлестерін қосып, бар ынталарымен еңбек етті. Сағат 10-да басталған сенбілікке келушілердің жас мөлшерлері де әртүрлі.

Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде «Тазалық - иманның жартысы» деп айтқан. Облыстық әкімшіліктің демеуімен мешіт қызметкерлері бірігіп мешіт ауласында осы сенбілікті ұйымдастырдық. Ауланы қыстан қалған қоқыстардан тазартып, мешітке келген адамдардың жағдайын жасаудамыз. Енді қалалық мешіттердің аулаларына тал, шырша егу жоспарланып отыр, - деді Халифа Алтай мешітінің наиб имамы Дәулет Тілеуханұлы.

Комсомол аралын тазалауға жиналған блогерлер жұмысты көтеріңкі көңілкүймен бастады. Барлығы 8 адамды құрайтын аталмыш топ ғаламтор арқылы келісіп алыпты. Ал №45 мектептегі сенбілікке 5-11 - сыныптардан 450 оқушы, 20 ата-ана және педагогикалық ұжымнан 50 адам қатысты.

Адамды тәрбиелейтін - еңбек. Біздің балалар жұдырықтай жұмылып мектеп маңайын тазалауға шын көңілдерімен атсалысты. Бүгінгі жоспар бойынша 10 шырша, 20 қайың және хош иісті гүлдердің 30 түрін егіп, мектебімізді көркейтуге бар ынтамызды саламыз, - деді №45 бейімделген орта мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айнагүл Қабдуалиева.
Теги:

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.

Новости по теме

наверх