Бурабайдан алынған су ТМД мен Оңтүстік Азия елдеріне экспортталады
Бұл биыл ғана құрылған «Asia Waters» холдингінің жақын арада іске асырылатын жоспары.
Фото:
lada.kz
Кәсіпорында Қазақстанның Даму Банкі де қолдап отыр. Осы қаржы ұйымының демеуімен зауытта жаңа қондырғылар орнатуға 32 миллиард теңге инвестиция тартылған, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».
Следующая →
Шалқар Нұртілеуов, «Asia Waters» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы:
–Биылдан бастап біз 100 пайыз қазақстандық өнімді нарыққа ұсынуға бел буып отырмыз. Және де болашақта көп ұзамай, біздің жоспар бойынша жылдың аяғына дейін біз көршілес жатқан мемлекеттерге, Азия мемлекеттеріндегі су тапшы елдерге өз өнімімізді экспорқа шығарамыз.
Табиғи «Туран» суының құрамында жер қойнауынан келетін барлық минералдар сақталып қалады екен. Әрі бәсекелестеріне қарағанда ол тек шипалы ғана емес, бағасы да 40 пайызға арзан.
Евгений Пятов, «Asia Waters» холдингінің ғылым бойынша директоры: -Табиғи минералды су құрамында тұздың жеткілікті мөлшері болуы шарт. Ол ішкі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы тіске фтор, сүйектің қатаюына кальций, магний жүрек пен қан тамырларының жұмысын жақсартады.Біз хлорсыз, қоспасыз су ұсынамыз. Күніне 400-800 грамм ішсеі жеткілікті.
Еліміздегі ауыз судың сапасы өңірлерге байланысты әртүрлі болады. Мәселен алматылықтар тау суын тұтынса, оңтүстіктегілер түрлі минералға бай тіршілік нәрін ішеді. «Туран» суында осының барлығы бар. Тіпті адам өмірін 5 жылға дейін ұзартуға септігін тигізеді дейді осы судың құрамын зерттеген мамандар.