/ Новости Казахстана

Теңге әлемдегі ең әдемі ақша атанды

Британдық «The Telegraph» газеті дүние жүзіндегі дизайны көз тартатын 15 ұлттық валютаны топтастырыпты. Сол үздіктердің арасында біздің теңге де бар
10 марта 2016 года, 16:54 2795
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Теңге әлемдегі ең әдемі ақша атанды
Источник: © ktk.kz Фото: © i.kapital.kz
Осылайша, жыл басында құнсыз валюталардың қатарынан көрінген төл теңгеміз небары үш айдың ішінде қайта күшейіп, тіпті тұрақты, көрнекті ақшалардың тізіміне еніпті, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты». 

Шетелдік сарапшыларға, әсіресе 2003 жылы шыққан 10 мың теңгенің үлгісі ұнаған. Онда тау бөктері мен барыс бейнеленген. Екінші орында оңтүстікафрикалық рэнд, үшінші орында жаңазеландиялық доллар тұр. Айта кету керек, Халықаралық банкнот қауымдастығы осыдан екі жыл бұрын да мың теңгенің дизайынын жоғары бағалап, әлемдегі ең әдемі ақша деп таныған болатын.

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.

Новости по теме

наверх