Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Елімізді АИТВ- қауіпті дерті өршуде

Жүре пайда болған иммундық дефициттiң синдромы (ЖИТС, ағылш. AIDS) - аса қатерлі вирустық дерт

Новости Казахстана / Елімізді АИТВ- қауіпті дерті өршуде
Фото:
khabar.kz
Елімізде АИТВ (ВИЧ) жұқпасын жұқтырғандар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұл – АИТВ жұқпасының әбден асқынған түрі, дерттің өлімге әкелетін соңғы сатысы.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ЖИТС індетінің дүниежүзін дүрліктіргеніне 30 жылдан асыпты. Ал Қазақстанда АИТВ (ВИЧ) жұқпасы алғаш рет 1987 жылы тіркелсе, Астанада 1997 жылы анықталған. ШҚО-да өткен жылы АИТВ жұқпасымен 303 адам тіркелсе, оның 144-і өскемендіктер. ШҚО бойынша өсу деңгейімен диспансерлік есепте 2033 АИТВ жұқтырғандар тұрса, аталмыш дерт салдарынан 670 адам қайтыс болды.

ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының мәліметінше, АИТВ-ның негізгі берілу жолдары - 68, 7%, - есірткіні инъекция арқылы тұтыну, 38, 6% - жыныстық қатынас жолымен, 0, 56 % - жүктілік, босану, емізу кезінде анадан балаға жұғу. Сонымен қатар, ең сорақысы аталмыш дертке шалдыққандар 29-39 жас аралығындағы адамдар, яғни, 81%-ды құрайды. Ал биыл ШҚО бойынша АИТВ жұқпасымен 25 адам тіркеліп үлгерген.

Мекеме АИТВ жұқпасының алдын алу үшін тұрғындар арасында экспресс тест жүргізіліп, кітапшалар таратылады, - дейді ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының дәрігер эпидемиолог-дәрігер Сәуле Кениспекова. Сонымен қатар акциялар өткізіліп, дәрістер оқылады. Ал аты жаман дертке тексерілу мен емделу тегін жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетсек орталықтағы пациенттерді қолдау қызметінің нөмірі: 26-60-70.

2015 жылы АИТВ жұқпасының алдын алу үшін жергілікті бюджеттен «Answer» және «Регион Социум» атты әлеуметтік жобаларына 15 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар ШҚО ЖИТС орталығымен тығыз жұмыс жасайды.
Следующая →