Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +3°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +2°
  • Караганда
    +4°
  • Кокшетау
    +3°
  • Костанай
    +1°
  • Кызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Жамбыл» тарихи драма көрермен назарына ұсынылды

Жамбыл Жабаев туралы түсірілген тарихи драманың тұсауы кесілді. Фильм жыраудың мерейтойына арналып түсіргілген

Новости Казахстана / «Жамбыл» тарихи драма көрермен назарына ұсынылды
Фото:
kaztrk.kz
Бүгін Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген деректі фильм көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды «24.kz телеарнасының сайты».

Тарихи драма ақын өмірінің соңғы кезеңдерін суреттейді. Перзентінен айырылған әкенің қаралы күндері мен Жамбылдың шығармашылық күйреу кезеңі кеңінен бейнеленген.

Жыр алыбы Жамбыл ХХ ғасырдың Гомері еді. «Менің пірім – Сүйінбай» деп аламан айтыстарда шашасына шаң жуытпаған ақын туралы туынды көпшілікке жол тартты. Халықтар арасындағы байланыстың алтын көпіріне айналған заман жаршысының 170 жылдығына орай «Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысы бойынша «Жамбыл» атты тарихи драма түсірілді.

Бақытжан Шормақов, сценарий авторы:

- Біз Жамбылды азамат ретінде, ақын ретінде, одан кейін халқына, еліне адал берілген жан ретінде көрсеткіміз келді. Жамбылды тереңнен ашсақ па деген ой болды. Құдайға шүкір, актер Байғали Есенәлиев алдына қойылған міндетті 100% атқарып шықты деп ойлаймын.

Фильмге ақын өмірінің соңғы жылдары арқау болған. Өткен ғасырдың 30-40-жылдарындағы күрделі кезеңдердің оқиғасы баяндалады. Сонымен қатар, Қазақстанның өнер қайраткерлерінің Мәскеудегі он күндігі қамтылған. Жамбылдың бейнесін театр және кино актері Байғали Есенәлиев сомдаған.

Байғали Есенәлиев, актер:

- Жамбыл туралы бұған дейін де біраз фильм түсірілген. Біздің алдымызда Шәкен Аймановтай ұлы актерден кейін, Мырзатай ағамыз сценарийін жазған жас Жамбылдан кейін сол жауапкершілікті түсіріп алмасақ екен деген мақсат тұрды.

Фильм ақынның туған жерінде 2 айға жуық түсірілген. Заман жаршысы атанған дүлдүл туралы картина алдағы уақытта отандық телеарнадан көрсетілмек.
Следующая →