/ Новости Казахстана

Атырауда туберкулезбен ауырған мұғалім оқушыларға сабақ беріп келген

Атырауда №5 Ғабит Мүсірепов атындағы мектепте туберкулезге шалдыққан мұғалім сабақ беріп келген
16 февраля 2016 года, 10:37 3952
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Атырауда туберкулезбен ауырған мұғалім оқушыларға сабақ беріп келген
Источник: © 31.kz Фото: © pharmprice.kz
Бірер күн бұрын ғана анықталған дерттен ұстаздың өзі де хабарсыз болған деп хабарлайды 31 арна тілшілері. Қазір тарих пәнінің мұғалімі ем қабылдап, ал оқушылар мен мектеп ұжымы толық тексеруден өтіп жатыр.

Атыраудағы №5 мектеп бүгін әбігерге түсті. Тілшілерді қабылдаудан бас тартқан мектеп қызметкерлері басшыларының жоқтығын айтып, тілдесуден бас тартты. Сондай-ақ, өз әріптестерінің туберкулездің ашық түрімен ауыратындығын білмейтіндіктерін айтып, түсірілім тобынан тез құтылуға тырысты. Есесіне, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің басшысы мұғалімнің туберкулездің ашық түріне шалдыққанын жасырмады.

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.

Новости по теме

наверх