Колледж мұғалімі емтихан бағасын саудалаған
Оңтүстікте колледж мұғалімі емтихан бағасын саудалап отырған сәтінде студенттер видеоға түсіріп алған
Фото:
timeskz.kz
Ол қазіргі уақытта жұмыстан шығарылды деп хабарлайды (Tengrinews.kz) тілшісі.
Түлкібас ауданындағы агробизнес және туризм колледжінде математика пәнінің мұғалімі емтихан бағасын саудаға салған. Әйелдің бұл әрекеті видеоға түсірілген, кейін әлеуметтік желіге салынған. «Фэйсбук» әлеуметтік желісінде колледж студенттерінің сабақ барысында оқытушымен саудаласып отырған сәті бейнеленген «Математика пәні мұғалімі Нұржамал апайдың арсыздығы» деген атаумен тарап кеткен.
Видеодағы сөзіне қарағанда емтихан бағасын 2000 теңгеге, ал тоқсандықты 1500 теңгеге бағалаған.