/ Новости Казахстана

ШҚО-ның Ұлан ауданында жаңа әкім тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Дәулет Батырбаев Ұлан ауданына әкім болып тағайындалды
24 января 2016 года, 21:28 5912
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - ШҚО-ның Ұлан ауданында жаңа әкім тағайындалды
Источник: © Алдасан Фото: © ШҚО Ақпарат орталығы
 Ол 2012 жылдан бастап аталмыш ауданның әкімінің орынбасары қызметін атқарған.Дәулет Батырбаев 1976 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Семей қаласындағы мемлекеттік университетті «Экономика және агроөнеркәсіп кешені саласындағы менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады. 2001 жылы Новосібір гуманитарлық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң еңбек жолын Новосібір гуманитарлық институты өкілдігінің әдіскері ретінде бастады. 1999 жылдан бизнес-құрылымдарда, соның ішінде жетекші қызметтерде істеген.
Мемлекеттік қызметтегі жұмысын 2009 жылы Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және мал дәрігерлігі бөлімінде бас маман ретінде бастаған. Содан соң  Өскемен қаласы Меновное ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2011-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы болып жұмыс істеген. 2012 жылдың маусым айында Ұлан ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап аудан әкімінің міндетін атқарды.

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live