Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Оқушылар қандай сөмке ұстауы керек?

Оқушының көтерген сөмкесі өз салмағының оннан бір бөлігін құрауы тиіс. Яғни, 20-30 келі салмағы бар бастауыш сынып оқушылары 2-3 келілік сөмкені ғана арқаға асқаны жөн

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин оқушылардың қандай сөмке ұстауы қажет екендігі жайында айтты.

- Мектеп сөмкесін не рюкзакты таңдау кезінде тиісті талаптарды сақтау қажет. Бірінші кезекте сөмкенің иық бауы жалпақ әрі жұмсақ болуы тиіс. Сонда баланың омыртқасы мен иығына салмақ түспейді. Сөмкенің өлшемі мен салмағы баланың бойы мен жасына сәйкес келгені жөн. Рюкзактың бос күйіндегі салмағы 1 келіден аспауы қажет, - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин "Қазақпарат" сайты таратқан ақпаратта.

Оның сөзіне қарағанда, 1-4-ші сынып оқушыларына арналған әр оқулықтың салмағы 300 грамнан, 5-6-шы сыныптар үшін 400 грамнан, 7-9-шы сынып оқушыларының оқулығы 500 грамнан, одан жоғары сынып оқушыларының кітабы 600 грамнан аспауы тиіс.

- Біз оқулық салмағы мәселесін үнемі бақылауда ұстап келеміз. Өткен жылы 86 оқулыққа қатысты сараптама жүргіздік және оның екеуінің салмағы гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді. Сәйкесінше, аталған үлгілерге санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілмегені, сондай-ақ оларда санитарлық қорытындының жоқ екені анықталды, - деді ол.

Сондай-ақ төраға кітап салмағы шамадан тыс ауыр болса, онда сколиоз, остеохондроз және басқа да ілеспе аурулары белең алуы мүмкін екенін атап өтті.

- Менің қызым 4-ші сыныпқа ауысты. Олардың арқалаған кітаптары өте ауыр, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Алмас Артаев. - Күніне 4-5 сабақ оқитын болса, сол 4-5 кітаптан өзге қосымша көлденең кітапшалары тағы бар. Оған дәптерлер мен қаламсауыттарының салмағы қосылады. Ал дене шынықтыру пәні болған күндері қосымша тағы бір дорба ұстауға мәжбүр. Баламның денсаулығына алаңдағандықтан мектепке өзім апарып, алып келіп жүруге тура келеді.

Следующая →