Әлеуметтік желі мен сайттарда сақ болыңыз
Өскемен қаласы тұрғынының әлеуметтік желісіндегі «музыка» парақшасынан экстремистік әрекетке шақыратын ән анықталды
Лингвистикалық сараптама бойынша, бұл ән әскери әрекеттерді насихаттайтын көрінеді.
Сот барысында қала тұрғыны әнді 8 жыл бұрын сақтап алғанын, оған тыйым салынғанынан бейхабар екенін мәлімдеген.
- Әлеуметтік желілер қазір құқыққорғау органдарының тиянақты бақылауына алынған, - дейді Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сот төрағасы Сайран Ибраев. - Сондықтан тұрғындар пікір қалдырғанда, ән және бейне жариялауда өте сақ болуы керек.
Заңнама бойынша мұндай тәртіпбұзушылықтың ақыры не әкімшілік жазамен, не бас бостандығынан айырумен аяқталады.
Өңірде тіркелген дінге қатысы бар жалғыз оқиға бұл емес. Діни картинаны сатып алған қала тұрғыны оны майда моншақпен қайталап шыққан. Шебер суреттің әдемі шыққанын көріп, танымал «OLX» желісі арқылы сатып көрмек болған. Бақылаушы органдар діни сарындағы туындыны анықтап, әйел адамды сотқа тартқан.
- Мұндай бұйымдар тек қала әкімшілігі көрсеткен орындарда сатылуға тиісті, - дейді Сайран Муфлинұлы. - Икона сынды бұйымдарды коммерциялық сайттарда саудалауға тыйым салынған.
Заңнан бейхабар болса да, әйел адамға айыппұл салынды.
Следующая →