«Қазақстан» теларнасының логотипі өзгереді
28 тамыздан бастап «Қазақстан» Ұлттық Телеарнасының логотипі «Qasaqstan» деп өзгертілетін болды
Келесі аптадан бастап «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа телемаусымын бастайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшілері. Соған байланысты ұлттық телеарна кешені әлемдік телевизия тәжірибесін зерттей келе, отандық арнаның логотипін өзгертуге шешім қабылдаған.
- Қазіргі уақытта телеарна барынша халықаралық деңгейге көтерілуге күш салып жатыр. Яғни, телеарна өнімдері әлемдік сапаға сай жасалатын болады. Сондықтан BBC, RT, Euronews сынды әлемдік телеарналар қарастырыла келе, логотиптің латын қарпінде берілуі жиі кездесетіндігі анықталды. Қазақ тілі де латын қарпіне көшуді ойлап отырғандықтан, бұл игі бастама деп ойлаймыз, - дейді «Қазақстан» ҰТРК» АҚ-ның ШҚО филиалы директорының міндетін атқарушы Аида Жабағиева.
«Қазақстан» телеарнасы бұған дейін өзінің логотипін бес рет өзгерткен. Алайда атаудың өзін латынша жазу телеарна тәжірибесінде бірінші рет болып отыр. Жаңа логотип өзінің фирмалық белгісін сақтап қалады. Яғни, тудың түсін білдіретін көк пен сары түс өзгертілмейді.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарайтын арналардың барлығында логотип өзгермек. Яғни, «Қазақстан» телеарнасы, «Қазспорт» және «Балапан» телеарнасымен бірге аймақтағы 15 арнаның да логотипі жаңа пішінге келтірілмек.
- Тағы бір айта кететін үлкен жаңалығымыз бар. «Қазақстан-Өскемен» арнасы ендігі кезекте «Алтай» арнасы болып өзгертіледі. Облыс орталықтарында орналасқан барлық аймақтың арналардың атауы өзгереді де, олардың бір корпорацияға бағынатындығын білдіретін логотиптері бір болады. «Алтай» атауын таңдап алуымыздың сыры мол. Бұл – Шығыс аймағының ажырамас белгісі әрі облысымызда өмір сүріп жатқан халықтардың барлығына түсінікті түркітілдес атау, - дейді Аида Жабағиева.
Жаңа маусым басталғандықтан ұлттық теларнада жаңаша бағдарламалар да пайда болмақ.
Следующая →