Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +3°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +2°
  • Караганда
    +4°
  • Кокшетау
    +3°
  • Костанай
    +1°
  • Кызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көліктерді утильдеуге WhatsApp көмектеседі

Тозығы жеткен көлікті алдын ала бағалап алу және қажетті құжаттардың толық екендігін қашықтықтан, ауыл-аймақтарда жатып-ақ тексеріп алуға болады

Көлік утилизациясына қатысты сұрақтарды WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы қоюға болады. Егер сіздің аулаңызда тоз-тозы шығып тұрған темір тұлпарыңызды қалай утильдейтініңізді білмесеңіз, онда WhatsApp әлеуметтік желісінде 8 (747) 191 15 58 (Tele2) нөміріне байланысқа шығып, барлық сұрақтарыңызды қойып, толықтай кеңес ала аласыз.

- Аталған қызмет түрі автокөлік жиынтығы мен құжаттың дұрыстығына қатысты кеңес береді. Қашықтықтан тозған көлікті бағалап алу техникасын өткізушілерге ынғайлы болу үшін жасалып отыр. Яғни, қабылдау бекетіне көлікті жеткізбес бұрын оның фотосуреттері (жиынтық санатын тексеріп алу үшін) мен жинаған құжаттарын жіберуге болады, - деп түсіндірді «Оператор РОП» ЖШС баспасөз қызметінде.

Көлік утилизациясы басталған алғашқы аптада 188 темір тұлпар тапсырылған екен. Бұл үрдістегі көшті 38 автокөлік тапсырған Қостанай қаласы бастап тұр. Ал Өскемен қаласынан бір аптада небары 3, Семей қаласынан 12 көлік утильдеуге жіберілген.

- Жоюға «ВАЗ- 2105», «ВАЗ- 2106», «ВАЗ 2101», «ГАЗ 3110», «Москвич -2140» және «Мазда 626» маркілі көліктері көптеп тапсырылды. Бағдарламасы бойынша өткізілген ең көне техниканың арасында 1948 жылы шығарылған «Москвич-412» көлігі болып отыр. Оны Орал қаласының тұрғыны өткізген, - деп толықтырды баспасөз қызметінде.

Қабылданған автокөліктердің орташа жасы 25-30 жыл шамасын қамтиды. Ал олардың иелерінің есептікшотына аударылған (өтемақы) жалпы сома 1 800 000 теңгені құрап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың қараша айының 21-нен бастап еліміздің 17 қаласында тозығы жеткен ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы басталады. Бағдарлама ережесіне сәйкес М1 санаттағы (салмағы 3,5 тоннадан аспайтын жеті орынға дейінгі жеңіл автокөлік) көлік құралдары қабылданады. Тозығы жеткен техниканы жоюға өткізген көлік иесі ақшалай өтемақы алады. Берілетін өтемақы көлемі көліктің жиынтығына қарай екі санат бойынша анықталады. Толық жиынтықтағы көлік 150 мың теңге және толық емес жиынтықтағы көлік 48 мың теңге көлемінде бағаланады. Бағдарламаға қатысатын тозған көліктің жылына қатысты ешқандай да шектеу жоқ (апатты автокөліктер де жиынтық санаты бойынша бағдарламаға қатыса алады).

Айта кету керек, көлікті утильдеген келісімшарттар жаңа автокөліктің ұтысына қатысады. Жеңімпазды анықтау 2017 жылдың 4 қаңтарында жүргізіледі.


 Ерке Биғазина
Следующая →