/ Новости Казахстана

Жерге қатысты мараторий мерзімі ұзартылды

Қазақстанның жерін шетел азаматтарына сату немесе ұзақ мерзімге жалға беру заңына қатысты мароторий мерзімі ұзартылды
05 декабря 2016 года, 08:09 270
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Жерге қатысты мараторий мерзімі ұзартылды
Источник: © Алдасан Фото: © inform.kz
Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға қатысты қойылған мораторий жобасын, яғни, жерді шетел азаматтарына сату және жалға беру мәселесін қарастырды.

- Сіздердің талқылауларыңызға ұсынылып отырған заң жобасы Мемлекет басшысы 2016 жылдың 18 тамызында қабылдаған Жарлығына сәйкес енгізіліп отыр. Жер реформасына байланысты қабылданған кей шешімдердің қоғамдық пікір тудыруына орай туындаған проблемаларды талқылай келе, мораторий жарияланған болатын. Оған орай 2016 жылы 30 маусымда тиісті Заң қабылдады. Сол Заңда мораторийдің мерзімі осы жылдың 31 желтоқсанына дейін деп белгіленген еді, - деді ҚР Примьер-министрі, ҚР ауылшаруашылық министрі Асқар Мырзахметов.

Сондай-ақ,министр жер саласындағы проблеманы жер комиссиясы қараған кезде ауыл шаруашылығы саласындағы жерлердің деректі қорын жасау, қолданыстағы көптеген нормаларға өзгерістер енгізу, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің кадастрлық құнын қайта қарау мәселелерін көтерілген.

- жер комиссиясы Мемлекет басшысына өз ұсынысын жасады. Бұл ұсыныстар Мемлекет басшысының қолдауын тапты. Яғни, жер туралы заңға қойылған мораторий арнайы Жарлықпен 2016 жылдың 31 желтоқсанынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды, - деп атап өтті Асқар Мырзахметов.


 Амир Қилымбеков

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.
наверх