Қар құрсауынан құтқарылғандар аз емес
Қараша айында қардың қалың жаууы облыстық маңызы бар жолдардың 13 рет жабылуына себеп болды

Фото:
lisaabrams.com
Шығыс Қазақстан облысында мерзімінен ерте жауған қар 92 мм көлемінде түскен. Ал қардың орта есеппен алғанда айлық мөлшері 50 мм құрайды екен.
- Табиғаттың мұндай мінезі мен ауа райының құбылмалы болуы қараша айында дизель отынымен қатынайтын көліктердің қозғалысын 5 рет шектеді, мектеп оқушыларының сабақтарын (14-25 қараша аралығында) 10 рет кейінге қалдыртты, осы кезеңде біз 28 рет ескерту хат-хабарларын жолдадық, 7 рет дауылдың болатынын хабарладық, - дейді ШҚО ТЖД ТЖ салдарын жою бөлімінің басшысы Азамат Қапанов.
Тек қараша айының өзінде ғана ТЖД қызметінің құтқарушылары 40 рет авариялық құтқару жұмыстарына шығып, 179 адамды эвакуациялап, 13 адамды құтқарды.
- ШҚО құтқарушылар бөлімінің қарамағында 160 ауыр техникалар бар. Олардың барлығы қар басу қаупі жоғары Көкпекті, Күршім, Зырян, Семей, Тарбағатай аудандарының тас жолдарын тазалауға жұмылдырылған, - деп атап өтті Азамат Қапанов.
Айта кету керек, облысымыздың төтенше жағдай мамандары көктем мезгіліндегі су басу қаупінің алдын алу шараларын бастап кетті. Олар әр ауданның әкімдіктеріне ескертулерін жолдап, қарларды ауыл-аймақтан шығару шараларын бастауды ұсынып отыр.
Ақерке Ақылбекқызы
Следующая →