Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Наркоз алу денсаулыққа зиян ба?

Адам өміріне қауіп төнген кезде ең біріншіден ота жасалады. Күрделі хирургиялық операциялар кезінде ауру сезімін болдырмау мақсатында наркоз беріледі

 Наркоз – орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. Наркоздан кейін адам есінен толық не жартылай айырылып, ауыру сезімін жоғалтып, тіндер жансызданады.

- Наркоз берудегі негізгі масат – пациентті хирургиялық агрессиядан қорғау, ағзаның тіршілігін қолдау мен мониторинг жүргізу арқылы жүрекке, өкпеге және басқа да өмірлік маңызды ағзаларға ұзақ оталар жасауға мүмкіндік беру, - деп түсіндірді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Жуасбаева.

Наркоз берер алдында науқастың ауыз қуысы, асқазаны, ішегі толық тазаланады, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі беріледі, мұны премедикация кезеңі деп атайды. Наркоз арнайы наркоз аппараттарымен беріледі.

Анестезиологтар жіберілетін дәрінің мөлшерін электрэнцефалограф аппараты арқылы бақылап, тамырдың соғуын, қан қысымын өлшеп отырады. Өйткені науқастың организмі жіберілген дәріге реакция беріп, анафилакстік шок (естен тану) болуы не наркоз беретін түтік тыныс жолдарын жарақаттап, ауаның өтпей қалуы мүмкін.

Наркоз жүргізген кезде асқынулар да орын алып жатады екен.

- Адамның өмірлік маңызды ағзаларына (миға) анальгендік заттар әсер етсе құсу, жүрек қызметіне – аритмиядан жүрек толқуына дейін, өкпеге – ателектаз, өкпені жасанды желдеткенде, наркоз жүргізудің техникасы дұрыс болмағанда асқынулар болуы мүмкін, - деп түсіндірді Ғалия Жуасбаева.

Облысымызда жылына 40 мыңнан аса наркоз қолданылады. Анастезиялогия-реанимотология ғылымы, жаңа препараттар, жаңа жабдықтар дамуымен байланысты жалпы наркоз саны жылдан-жылға ұлғайып келеді.

- Жансыздандырумен анестезиология ғылымы айналысады. Бұл ғылым түрі тұрақты түрде дамып келе жатыр. Ал біздің өңірлік тәжірибемізде соңғы кезде жергілікті жансыздандыру кең дамуда, - деді Ғалия Жуасбаева.

Жансыздандырудан кейін жиі кездесетін ауытқулардың қатарында жүректің айнуы, тамақтың ауыруы, қалтырау, бас айналу, бас ауыру, арқа мен белдің ауыруы, бұлшық еттердің ауыруы, ұмытшақтық тұр. Ал жиі кездесе бермейтін себептердің ішінде отадан кейнгі өкпедегі инфекция, тіл, тіс еріннің жарақаттануы, жалпы анестезия кезінде ояну бар. Ең сирек кездесетін жағдайлардың ішінде жүйке жүйесінің зақымдалуы (50 000 жағдайда 1 рет кездесуі мүмкін), аллергиялық реакция (15 000 жағдайда 1 рет орын алуы мүмкін), көзді зақымдап алу (2000 жағдайда 1 реторын алуы мүмкін) жағдайлары да кездеседі екен.

Наркоз кез келген жағдайда салына бермейді және оны сіздің ағзаңызға жібермес бұрын анестезиолог дәрігерлер сізге салынатын жансыздандыру дәрісі жайлы бүге-шігесіне дейін баяндап, сізге ұйқыдан ерте оянып жатқанда қалай әрекет ету керектігін айтып беруі тиіс. 


 Ақерке Ақылбекқызы
Следующая →