Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жер үйлерде өрт қаупі өте жоғары

Шығыс Қазақстан облысының көптеген бөлігі жер үйлерде шоғырланғандықтан, өрт қауіпсіздігі қызметкерлерінің де жұмысы қыза түсті

- Облыс бойынша ағымдағы жылы 1452 өрт фактісі тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5 пайызға төмен, - дейді ШҚО ТЖД ӨҚБ және ПҚБ өртті мемлекеттік бақылау бөлімі басшысы Ринат Қондыбаев. -Облыс қалаларында 656 өрт орын алса, ауылдық жерлерде 520 өрт оқиғасы тіркелді. 2016 жылы өрт оқиғаларында өртке қарсы қызметкерлері бөлімшелерімен 259 адам құтқарылды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 65 пайызға жоғары.


Өрт оқиғаларының көпшілігі жер үйлерде орын алатындықтан, оның алдын-алу мақсатында үгіт-насихаттық шаралары басталып кетті. Мұнымен қоса, өрттің ең көп орын алатын уақыты жылыту кезеңінің басталуы мен аяқталар сәтінде екенін ескертеді өрт қауіпсіздігі маманы.


- 70 пайыздан астам халық жер үйлерде тұрғандықтан, олардың барлығында орталық жылыту жүйесі жоқ. Көптеген жағдайда үйлер пешпен жылытылады. 80 пайыздан астам өрт оқиғалары жер үйлерде орын алады. Біздің басты назарымызда соған бағытталған және үгіт-насихат шараларын бастап кеттік, - дейді Ринат Қондыбаев.


Өрт қауіпсіздігі қызметкердің айтуынша, кейбір адамдар үй жылуын сақтап қалу үшін немесе отынды үнемдеу үшін пешті жауып тастағанда иіссіз газ бөлініп, адамдар уланып қалады.


- Статистика бойынша 2015-2016 жылғы жылыту кезеңінде 9 адам иіссіз газдан уланып қаза тапқан. 73 адам түрлі жарақат алған. Ал 2014-2015 жылдары 10 адам қаза тауып, 148 адам жарақаттанған. Яғни, статистикаға сенсек аз да болсын адам өлімінің азайғанын көреміз. Бұл біздің мекемемен өткізілетін алдын-алу шараларының бекер болмағанын аңғартады, - дейді Ринат Қондыбаев.


Өрт қауіпсіздігі қызметкерлері өрт қауіпсіздігінің айлығын өткізіп тұрады. Халықты аралау жұмыстарында өртке қарсы қызметкерлері әр үйге кіріп өрт қауіпсіздігі туралы баяндап, негізгі талаптарды айтып өтеді.


- Қазіргі уақытта бір ай ішінде 35 мың үйлер мен мекемелерді аралап шықтық. Жергілікті полиция қызметкерлерімен тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар тұратын аудандарға 68 рейд өткіздік, - дейді Ринат Қондыбаев. Белгілі тұратын орны жоқ адамдардың орындарын да қарап шықтық. Яғни, жертөлелер мен шатырлар. Әсіресе, осындай жерлерде жылу көздерін іздеп от жағуы да мүмкін. Сондықтан олардың жабық болғаны дұрыс.


- Алдын-алу шараларына келетін болсақ, ол жыл сайын жылыту кезеңінде өтіп тұрады. Өткен жылы өрт оқиғасы ең көп орын алған елді мекендерде, өңірлерде үгіттік алдын-алу жұмыстарын өткіздік. Жергілікті халыққа мұның қайталанбауын ескертіп айтамыз, - дейді ТЖБ Өскемен қаласы өртті мемлекеттік бақылау бөлімі басшысы Рауан Касаинов. – Иә, бұрын бұл жайттар қатал бақыланса, қазір тек үгіттік, насихаттық жұмыстармен ғана шектелеміз.


Айдос Мырзахметов

Следующая →