Өңірде жаңа тағайындаулар орын алды

Бұған дейін облыстағы құрылыс саласына жетекшілік еткен ШҚО әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков қыркүйек айында өз еркімен қызметтен кеткен болатын.
Сонымен қатар ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы қызметін атқарған Тоқтамыс Жұмағұлов Атырау облысына қызмет ауыстырды.
Айта кетейік, жаңа орынға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Камалов Бахтияр Камалұлы тағайындалды.
Подпишись на рассылку лучших статей от Устинка Live. Без спама.