Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -8°
  • Актобе
    -10°
  • Форт-Шевченко
    +4°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -12°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -14°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -12°
  • Шымкент
    +7°
$
447.29
-0.23
487.32
+0.64
¥
62.14
-0.02
4.93
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Әлеуметтік желілердегі дәрілер саудасы заңсыз

Дәрі-дәрмектерді әлеуметтік желілері арқылы сату үрдісі белең алып келеді. Алайда бұл заңға қайшы әрекеттер

Әлеуметтік желілерде «Дорамицин дәрісін сатамын. Небары 2 таблеткасы қолданылды. Өзім 1850 теңгеге алғам, 1500 теңгеге бере саламын», «Арзан дәрі сатамын! Фраксипарин 0,3 мм және 0,6 мм», «Энцефабол суспензиясын сатамын. 1 ай көлемінде іштік. Ішінде әлі 70%-ы бар. Жарамдық мерзімі 09/19. 2600 теңгеге алдым, 1500 теңгеге сатамын» немесе «Инголяцияға арналған Ферсинол, Синекод, Беродуал дәрілерін тегін беремін. Беродуал жаңа. Синекодты бір-екі рет қолдандық, жарамай қалды. Ферсинол да жаңалау. Тек қораптарын сәл бұзып алдық. Жарамдық мерзімі жыл соңына дейін» сынды жарнамалар жиі жарияланатын болды.

- Дәріханаларда сертификаттары, лицензиялары бар. Ол жерде дәрілерді сатып алу сенімді. Бір нәрсесі дұрыс болмаса, қайта апарып беріп, жауап сұрауға болады. Ал қолдан алынған зат дәрі ме, жоқ әлде ішінде басқа дүние ме, қолдану мерзімі өтіп кетті ме жоқ па белгісіз және ертең дәрі жарамай жатса оны қайтарып бере де алмайсың, - деп түсіндірді ҚР ДС және ӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Нұрланғазы Ибраев. – Жалпы үй жағдайында еш құжаттарсыз дәрі-дәрмек сату заңсыз.

Айта кету керек, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес есірткі, психотропты, заттарды, олардың көшірмелерін заңсыз сақтағаны үшін 200 АЕК көлеміндегі айыппұлдан 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Дегенмен үй жағдайында да дәрі-дәрмек сату дұрыс емес, өйткені ол дәріге берілетін лицензияның болуы міндетті.



Ақерке Ақылбекқызы

Следующая →