/ Новости Казахстана

Дизельді отын тапшылығы қашан жойылады?

Қазақстанда тамыз айының соңынан бастап дизельді отынның құны еркін ағынға жіберіліп, мемлекеттік бақылау жүргізілмейді
07 октября 2016 года, 06:41 287
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Дизельді отын тапшылығы қашан жойылады?
Источник: © Алдасан Фото: © В. Ливеринов

Бұл отын түрінің құны енді мемлекет тарапынан бақыланбайды, яғни, оның бағасын ЖҚС өздері белгілейді. Бұған дейін білініп келген дизельді отынның тапшылығына бұл жаңалық «жығылғанға жұдырықтың» әсеріндей болған сыңайлы.

- Бағаның бұлай шарықтауын жанармай құюшылар дизельді отынның тапшылығымен түсіндіруде. Ал тапшылық баяғы Павлодар химия-мұнай зауытының жөндеу жұмыстарымен байланысты. Бағаны еркіндікке жіберіп отырғаннан кейін әдейі көтереді. Біздің шемішкелеріміз, шабылған шөптеріміз соның кесірінен жиналмай жатыр, - деп шағымдады шаруалардың бірі.

Қазіргі уақытта дизельді отын тапшылығы оның бағасының өсуімен дәлме-дәл келіп қалды. 115 теңгеден, ең төмен дегені 121 теңгеге, ал кейбір жанармай бекеттерінде литріне 165 теңге сұрап отыр.

– Дизель отынының тапшылығы оның саудасындағы жағдайлармен байланысты емес. Мемлекеттің жанар-жағармай бағасын еркін ағынға қоя бергендіктен баға өсті. Бірақ қаламызда дизель 165 теңгеден сатылып жатыр деген көрсеткіші байқалған жоқ. Дегенмен, 140-149 теңгеге дейінгі өсім байқалды, бұл жағдайлармен жұмыс істеудеміз, - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Арман Ысқақов.

Шығыс Қазақстан облысына «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС немесе «Шымкент мұнай өңдеу зауыты» ЖШС арқылы ай сайын облыстың орта қажеттілігіне 20 % дизель отыны бөлінеді екен.

- Облыстың дизель отынына ай сайынғы орташа қажеттілігі – 16 500 тонна. Мұнай өнімдерінің бөлшек таратушыларының мәліметтеріне қарағанда, бөлінетін көлем бір аптаға ғана жетеді. Бөлшек таратушылар өз қызметтерін қамтамасыз ету үшін дизель отынының қосымша көлемін еркін нарықтан сатып алады. Одан басқа, қалалар мен аудан әкімдіктері ЖҚС операторларымен өтінімді беру, бөлінген көлемді төлеу және шығару мониторингісін жүргізеді, - дейді Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Мусапирбеков.

Дизель отынының тапшылығы ауылшаруашылығы саласына ғана емес, қоғамдық көліктердің қозғалысына да өзіндік кедергісін тигізді. Әкімдікте бұл кейбір тасымалдаушылардың жанармай станцияларымен ұзақ мерзімді келісімшартқа келмеуінен деп отыр.

- Әкімдіктің атынан жағдайдың бақыланып отырғанын айта кеткім келеді, - деп сендірді Арман Ысқақов. – Бізде «Гелиос», «Қазмұнайгаз» және «Синойл» жанармай бекеттерімен жолаушылар автотранспорты бірінші кезекте қамтамасыз етіледі деген келісімшарт бар. ЖҚС жүйелері

автотасымалдаушыларға қажетті жанар-жағармайдың көлемін белгілейді, сондықтан қала автобустары тоқтайды деген сұрақ туындамауы керек.

Дизель жанармай станцияларының барлығында сатылмаса да, оны жекелей сатып алуға болады. Ал негізінен қазір олар тек талонмен беріліп жатыр.

Дизельді отынның көптеген салаларға тікелей маңызы барын айтпасақ та болады. Соның бірі ауылшаруашылық салалары. Шығыс Қазақстан облысы ауылшаруашылық басқармасының ақпаратына сенсек, 2016 жылдың 3 қазанына дейін күзгі егін жинау жұмыстарына бөлінген дизель отынының 24 мың тоннасы үшін ақысы төленіп, 17 мың тоннасы жеткізілді.

Әкім орынбасарының айтуынша, автопарктердің 25 мың литр көлеміндегі дизельді отыны, жолаушыларды дүйсенбіге дейін тасымалдауға жетеді, ал кейбіріне бірнеше күнге артық жетеді. «Гелиос» ЖҚС желісі бүгінгі күні жеті вагон дизельді отын алды, «Синоил» мен «Қазмұнайгазға» да көп ұзамай жеткізіледі екен.

- Жанар-жағармай жағдайы Павлодар химия-мұнай зауытының жөндеу жұмыстарымен тікелей байланысты. Жөндеу жұмыстары аяқталды, бірақ мұнайдың технологиялық айдалуын, жанар-жағармайды тасуды ыңғайлауды есепке ала отырып, келесі аптадан бастап оның тасымалы басталады. Ал үзіліссіз жұмысты қазан айының ортасынан бастап жүргіземіз,- деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Арман Ысқақов.



Айдос Мырхаметов


Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.
наверх