Талаптарға сай келмейтін өнімдер анықталды
РФ, Украина, Белорусь, Қырғыз Республикаларынан елімізге әкелініп сатылған өнімдерінің ішінде қажетті талаптарға сай келмегендері де бар
Фото:
forumdaily.com
Шілдеде өнімнің қауіпсіздігіне мониторингті жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2 357 өнім үлгілерін алды. Оның ішінде 327-сі тиісті талаптарға сәйкес келмейтіні белгілі болды.
- Техникалық регламенттер талаптарын қамтамасыз ету үшін сақтау шарттары туралы ақпараттың, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі мемлекеттік тілдің және сәйкестік белгісінің болмауы, қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздік жарияланған қасиеттеріне немесе физика-химиялық параметрлеріне, таңбалау бойынша сәйкес келмеу және т.б негізгі заң бұзушылықтар болып табылады, - деп хабарлайды Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі.
Сəйкес келмейтін өнімдері Ресей Федерациясы - 30%, Украина - 15%, Беларусь Республикасы- 15%, Қырғыз Республикасы - 10%.
- Тексерілген 1123 тамақ өнімдерінің 119-ы, 361 балаларға арналған тауарлардың 84-і, 271 тұрмыстық химия тауарларының 6-ы, 283 парфюмерлік-косметикалық өнімдердің 11-і, 65 баспа өнімдерінің 4-уі, 75 киім, аяқ киім, адамның терісімен жанасатын бұйымдарға (өнім) арналған материалдардың 59-ы талаптарға сай келмейді, - деп толықтырды Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз хатшысы.
Нұсқамаларды уақтылы немесе тиiсiнше орындамағаны үшін 51 әкімшілік материал қозғалды және сот органдарына берілді. Сот талқылауының нәтижелері бойынша 4 613 175 млн теңге сомасына 24 кінәлі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 17 шаруашылық етуші субъектінің қызметі уақытша тоқтатыла тұрады.
881 804 мың теңге сомасына сəйкес келмейтін 1099,63 кг өнім саудадан алынды.
Ақерке Ақылбекқызы
Следующая →