Қалада нан бағасы қымбаттай ма?
Нан бағасы қымбаттайды деген қауесеттің өзі халықты бірден дүрліктіретіні анық. Алдағы уақытта нан бағасының өсуін күту керек пе, жоқ па?
Фото:
dontimes.com
Ұн, май, тұз сынды нан пісіруге қажетті өнімдердің бағасы өскендіктен қаламыздағы «Сенім» наубайханасы өздері дайындайтын нанның бағасын өсірмекші. Алайда баға өсу тек осы наубайхананың өніміне қатысты болып шықты.
- Қазіргі уақытта қала аумағында нан және нан өнімдерін пісірумен айналысатын 14 наубайхана жұмыс істеп отыр. Олардың басым көпшілігі нанның толайым бағасын былтырғы деңгейде ұстап тұр, - деп түсіндірді Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімінде.
Нан саудасымен айналысатын «Восток-Элит Е» наубайханасы 1 тамыздан бастап нанның бағасын 65 теңгеден 70 теңгеге көтерген екен.
- Нан бағасын қалыпты деңгейде ұстау үшін жыл басында «Шахан ата» наубайханасымен нанның бағасын фирмалық орындарда 60 теңгеден саудалау және дәл осы бағамен қаланың өзге де дүкендеріне жеткізу туралы меморандумға қол қойылды, - деп толықтырды кәсіпкерлік бөлімнің мамандары.
«Шахан ата» наубайханасының өнімдері «Жардем», «Заречный», «Дос Нар» СҮ аумағында және қала бойынша қосымша 70 орында саудаланады.
Ал өз наубайханалары бар «Арзан», «Фрешмаркет», «Устун» ЖШС сынды ірі сауда орталықтарында нан бағасы 63-70 теңге аралығында саудалануда.
Жыл басында жасалған меморандумдардың арқасында жыл соңына дейін нан бағасының жаппай көтерілмейтіндігіне сеніммен қарауға болады.
Следующая →