Усть-Каменогорск
малооблачно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +5°
  • Актобе
    +7°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +4°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
450.07
-1.20
488.51
-0.62
¥
62.35
-0.34
4.86
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Катонқарағайда Ұлттық парк стеласы орнатылды

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 15 жылдығына орай орнатылған стеланың салтанатты ашылу шарасы өтті  

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 15 жылдығын атап өту шарасы «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» деген жазуы бар стеланың салтанатты ашылуымен басталды.

Көгілдір түсті стелада ауданның мақтанышы – маралдың суреті салынған, оның көлемі әсем табиғат аясында алыстан көз тартады. Жол бойында аудан қонақтарына арналған ағаштан күрке жасалып, оның ішіне үстел орнатылған, қатарына ағаштан жасалған қалқада МҰТП туралы негізгі ақпараттар жазылған баннер ілінген.

Жолаушылар үшін бұл таптырмас орын деуге болады. Стела ашылысымен бұл жерге тоқтаған көлік саны арылмады.

Шілденің 20-сы аталмыш стеланың ашылу салтанатына аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мен ауданның құрметті азаматтары қатысып, лентаны қиды. Шара басында сөз алған аудан басшысы ұлттық парк қызметкерлерін мерейтоймен құттықтап, қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі.

Салтанатты шараны көркемөнерпаздар ұжымы жалғастырып, әуенді әндер және бимен жиналған жұртқа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Тағы бір ескерерлік жайт стеладағы барлық суреттерді ұлттық парк қызметкерлері жасаған және кіреберістегі көпір мен алаңды асфальттау жұмыстарын осы ауданның азаматы Айбек Исабаев басқаратын «Шығыс жол» ЖШС-і демеушілік еткен.

Катонқарағай ұлттық табиғи паркі - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында 2001 жылы ұйымдастырылған саябақ. Ауданы 644 472 га.

Өткен ғасырда Қазақ ССР-і атанып тұрған тұстарда Катонқарағай ауданы бар болғаны ағаш өнімдерін даярлаушы деген атпен ғана танымал болған екен. Ол кезде бұл өңірдің әсем табиғаты мен өзге де керемет құндылықтары жайлы айтылмайтын еді. Өңірге өң беріп, жайқала өскен балқарағайлар мен самырсын-шыршалар аяусыз қолдармен оталып, аудан мен облысты айтпағанда республика шекарасынан асып жол тартып бара жататын. Сол кездердің қайсыбір дереккөздер мәліметіне сүйенсек, бір ғана Катонқарағай ауданынан жылына 120 мың текшеметр ағаш өнімдері шығарылып отырған. Бұл әрине әсем табиғатты айтпағанда, ормандағы жан-жануарларға да өз зиянын тигізгені айдан анық.

Айым Касембаева
Следующая →