Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шағын несиелеудегі гендерлік аспектілер

Шығысқазақстандықтар шағын несиелеудің гендерлік аспектілерін талқылап, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын білдірді

Жақында облысымызда өткен дөңгелек үстел аясында шығысқазақстандықтар шағын несиелеудің гендерлік аспектілерін талқылап, «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын білдірді.
ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ирина Унжакованың қатысуымен өткен дөңгелек үстелге жиналғандар еліміздегі шағын және орта бизнесті қолдау үшін берілетін қаржылай көмекті алудағы ауыл әйелдерінің алдынан шығатын мәселелерді талқылады. Белгілі болғандай өз бизнестерін ашқысы келген ауыл тұрғындарының барлығы да жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша несие ала алмайды екен. Жиналғандардың пікірінше, бұл мәселені әлемдік тәжірибеге сүйеніп шешуге болады.
- Шағын несие алу барысында азаматтардың жолында жоғары сыйақы мөлшерлері кедергі болады. Бүгінгі таңда қаржы институттары мемлекекттік несиелерді  0,01%-бен алады да, азаматтарға 6 және 8%-дан береді, - дейді Ирина Унжакова. - Ал екінші деңгейлі банктер үшін ең бастысы - кепілдік мүлік. Бірақ ауылдағы мүлік кепілдік етуге жарамайды.
Дөңгелек үстелге жиналғандар мемлекеттік бағдарламалары аясындағы шағын кредит қолжетімді бола түсуі үшін өздерінің бірнеше ұсыныстарын білдірді. Мәселен, қайта қаржыландыру төлемдерін және кепілдік мүлік маңызын азайту; халықаралық тәжірибені пайдаланып, азаматтарға шағын несиені жергілікті бірлестіктердің кепілдемесімен берілсе деген ұсыныстарды алға тартты.
- Статистикалық деректер бойынша, өз өзіне жұмыс істеп отырған қазақстандықтардың 62%-ы ауылдағы нәзік жандылар. Одан өзге елдегі әрбір үшінші азамат экономикалық белсенді емес адамдарға жатады. Сондықтан джа осы экономикалық белсенділікті арттыру керек, - деп атап өтті ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова. 
Депутаттың айтуынша шағын несие беру бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары дұрыс жүргізілмейді. Өйткені несиеге жүгініп, өз ісін ашқысы келген әйел бизнес-жоспар құру, мүлкін кепілге қою керек деген шарттардан жүрексінуі мүмкін. Жиын қатысушылары ауыл әйелдеріне бизнес-жоспар құру, құжаттар рәсімдеу мәселесінде үнемі қолдау көрсетіп отыру керектігін де баса айтты. 
Ерке Мұхаметкәрім

Следующая →