Шетелден жаттықтырушылар шақырылуда
Жақын уақытта Италия мен Моңғолияның дзюдо жаттықтырушылары Шығыс өңірінде дәріс беретін болады
Фото:
elitefon.ru
ШҚО облысының әкімі Даниал Ахметов өңірлік спортты дамыту үшін спортшыларды халықаралық тәжірибесі бар көрнекті мамандар даярлау керек деп санайды.
- Аймақтық спортты жаһандық спорттық кеңістікте көрсету қажет! - деді өңір басшысы. - Жуық арада Семей қаласындағы бірегей спорт кешенінің құрылысы аяқталады. Онда біз жекпе-жекпен айналысатын үздік балалардың басын қосамыз. Онда бассейн, әдемі жаттықтыру залы және шамамен сегіз белдесу алаңдары болады.
Жаңа спорткешенді жаттықтырушылармен қамтамасыз ету мақсатында Моңғолия елінің мамандарымен келіссөздер жүргізіліп те қойған. Ол жақтан дзюдодан екі жаттықтырушы келмек. Ал еркін күрес шебері Дағыстаннан шақырылыпты. Сондай-ақ, жуық арада Италиядан да дзюдодан жаттықтырушы келеді деп күтілуде.
- Біздің жаттықтырушылар жақсы. Бірақ, олар әлемдік деңгейден артта қалуда, - деп атап өтті өңір басшысы өз сөзінде. - Сол себепті біз әлемдік стандартқа қарай жылжуымыз керек. Жеті жылдан кейін Семей мен Шығыс Қазақстан облысынан олимпиада чемпиондары шығатынына сенемін.
Аяу Төлеубек
Следующая →