/ Новости Казахстана

Шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсетіледі

Еуропалық қайта құру және даму банкі кәсіпкерлерге көрсетілетін кеңестік қызметтерді субсидиялаумен айналысады
21 июля 2016 года, 11:30 195
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсетіледі
Источник: © Алдасан Фото: © yarnovosti.com
Банктің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша бағдарламасы 2001 жылы басталған. Ал 2013 жылдан бастап бағдарламаға еліміздің үкіметі ҚР Ұлттық экономика министрлігі арқылы қаржы бөле бастайды.

- Біз нарықта кем дегенде 2 жыл жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлердің қандай да бір кеңестік жұмыстарының 25-75% пайызын субсидиялаумен айналысамыз. Кәсіпорындарға берілетін қайтарымсыз гранттың көлемі 10 000 еуродан аспайды, - деді Еуропалық қайта құру және даму банкінің ШҚО-дағы сарапшысы Елена Абенова.

Жыл басынан бері Еуропалық қайта құру және даму банкі Шығыс Қазақстан облысының 12 кәсіпкерімен кеңестік қызмет көрсету жобаларын бастады. Олардың барлығы өздерінің кәсіптерін дамытуға арналған бастамаларына жұмсалған қаражаттың 50%-ын жоба аяқталған соң қайтарып алады.

- Кейбір кәсіпкерлер Еуропалық қайта құру және даму банкінің мұндай қайтарымсыз гранттарының барына көп сеніңкіремейді. Алайда «Даму» қорымен бірлесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер біздің жұмысымызға қорықпай жүгінеді. , - деп атап өтті Елена Абенова.

Егер сіз сайт ашатын болсаңыз оны ашуға жұмсалатын қаражаттың, ауылшаруашылық саласына қажетті алынған техниканы таңдауға және үйретуге көмектескен кеңесшіге төленетін қаражаттың, компьютерлік бағдарламалардың қолданысына көмектесетін кез келген бастамалардың 25-75% пайызын банк субсидиялайды, яғни, сізге қайтарып береді.

Бүгінгі таңда банк кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетуді басты бағыттарының бірі ретінде алып отыр. Тіпті бизнес-ханымдарға арналған арнайы үйретуші семинарлар өткізумен де айналысады.

Айта кету керек, аталмыш қолдаулардың барлығы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағытын жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

Ақерке Рағызбаева

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.
Получайте уведомления от Устинка Live