/ Новости Казахстана

Ұланның шұжық өнімдері Ресейге экспортталмақ

Жақында «ШҚО Ақпараттық орталығы» АКҚ-да Ұлан ауданының әкімі Дәулет Батырбаевтың журналистермен баспасөз брифингі өтті
15 июля 2016 года, 13:01 232
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Ұланның шұжық өнімдері Ресейге экспортталмақ
Источник: © Алдасан Фото: © www.artfile.ru
Кездесу барысында аудан басшысы ағымдағы жылдың бес айында Ұлан ауданы әр салада қандай көрсеткіштерге қол жеткізгендігі мен атқарылып жатқан жұмыстары жайлы есеп берді. Мәселен, «Айтас МП» ЖШС ет тағамдарының және үй құсы етінің өнімдерін шығаратын құны 1 779 млн. теңге тұратын зауыт 2014 жылы іске қосылған. 2015 жылы сол зауыт 4842 тонна өнім берсе, 2016 жылдың өткен кезеңіндегі өнім көрсеткіші 3586 тоннаға жеткен.
-  Бүгінгі таңда «Айтас МП» ЖШС құны 250 мың евро тұратын жабдықтар алуды жоспарлап отыр, аталмыш жабдықтар алынған жағдайда жылына 5900 тонна дайын өнім алуға болады, - дейді Ұлан ауданының әкімі Дәулет Батырбаев.
Сонымен қатар, «OstFish» ЖШС тапсырыс берген «Бекіре тұқымдас бестер балығының уылдырығы мен етін өндіру» жобасының құрылыс жұмыстары аяқталған. Енді жылдың үшінші тоқсанында бұл жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Аудан басшысы «Өндіріс-2» бағдарламасы бойынша «Жоғары сапалы заманауи қораптағы ет өнімдерін толық циклда өндіру компаниясын құру»  жобасы Тарғын ауылындағы «Болашақ» шаруа қожалығының негізінде жүзеге асырылғандығын атап өтті. Бұл комбинат іске қосылып, өнім «Алтайские Луга» атты маркамен Қазақстанның нарығында саудалануда.
-  Қала тұрғындары аталмыш комбинаттың шұжығының 9 және жартылай фабрикаттың 12 түрін Карл Либнехта көшесінің бойында орналасқан «Алтайская луга» дүкенінен таба алады, - дейді Дәурен Бахитұлы.  - Сонымен қатар, бүгінгі күні бұл өнімдерді Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларына экспортқа шығару сұрақтары шешілуде.
 
 
Назерке Кәрімова

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.
наверх